https://sputnik.kz/20261115/buginnen-bastap-tagy-bir-taszhol-uchaskesi-aqyly-bolady-68466422.html
Бүгіннен бастап тағы бір тасжол учаскесі ақылы болады
Бүгіннен бастап тағы бір тасжол учаскесі ақылы болады
Sputnik Қазақстан
"Ақтөбе – Қандыағаш" автомобиль жолының 89 шақырымы ақылы жүйеге қосылды 15.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-15T12:18+0500
2026-11-15T12:18+0500
2026-11-15T12:18+0500
қазавтожол
ақылы жол
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0c/49237889_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_8f5a6c6368c53f69207ee41a0dd570d7.jpg
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik.Бүгіннен бастап15 қарашадан бастап "Ақтөбе – Қандыағаш" тасжолының бір бөлігі ақылы болды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол"."ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, 15 қарашадан бастап республикалық маңызы бар "Ақтөбе – Қандыағаш" автомобиль жолының 89 шақырымы ақылы жүйеге қосылды. Бұл бөлік бұрыннан жұмыс істеп тұрған "Қандыағаш – Мақат" ақылы жолының құрамына енгізілді. Нәтижесінде ақылы жолдың жалпы ұзындығы 469,5 шақырымға жетті."ҚазАвтоЖол"ұлттық компаниясы хабарлағандай, жолақы мөлшері көлік түріне және төлеу тәсіліне байланысты. Мәселен, жеңіл автокөлікпен жолдың ақылы бөлігін бір бағытта жүріп өту құны алдын ала төлегенде шамамен 240 теңге, ал сапардан кейін төлегенде 276 теңге болады.Жол бойына 10 бақылау аркасы орнатылған. Олар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін автоматты түрде анықтап, жүріп өткені үшін төлем есептейді."ҚазАвтоЖол" жолақыны алдын ала төлеу тиімді екенін еске салады. Ол үшін kaztoll.kz сайты, банк қосымшалары немесе басқа да ресми төлем сервистері арқылы көліктің жеке шотын алдын ала толтыру ұсынылады.Ақылы жолға іргелес елді мекендер мен аудандарда тіркелген көлік иелеріне жеңілдетілген абонементтер қарастырылған. Жеңіл автокөліктерге арналған жылдық абонемент құны – небәрі 1 АЕК немесе 4 325 теңге.Автобустар мен жүк көліктері үшін олардың санатына қарай айлық және жылдық абонементтер ұсынылады.Ақылы жолдардан түскен қаражат жолдарды күтіп ұстауға, жөндеуге және арнайы техника сатып алуға жұмсалады.
https://sputnik.kz/20261105/aqtobe--qandyagash-avtozholy-aqyly-bolady-68264785.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0c/49237889_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_768473b3abac1f050f97bf6a875bfcba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазавтожол, ақылы жол
Бүгіннен бастап тағы бір тасжол учаскесі ақылы болады
"Ақтөбе – Қандыағаш" автомобиль жолының 89 шақырымы ақылы жүйеге қосылды
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik.Бүгіннен бастап15 қарашадан бастап "Ақтөбе – Қандыағаш" тасжолының бір бөлігі ақылы болды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
"ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, 15 қарашадан бастап республикалық маңызы бар "Ақтөбе – Қандыағаш" автомобиль жолының 89 шақырымы ақылы жүйеге қосылды. Бұл бөлік бұрыннан жұмыс істеп тұрған "Қандыағаш – Мақат" ақылы жолының құрамына енгізілді. Нәтижесінде ақылы жолдың жалпы ұзындығы 469,5 шақырымға жетті.
"Жолдың 11+000 және 87+200 шақырым белгілері аралығында барлық көлік түрінен ақы алынады. Ал қалған бөлігінде тек автобустар мен жүк көліктері үшін төлем қарастырылған. Жеңіл көліктер тегін жүреді", - делінген хабарламада.
"ҚазАвтоЖол"ұлттық компаниясы хабарлағандай, жолақы мөлшері көлік түріне және төлеу тәсіліне байланысты. Мәселен, жеңіл автокөлікпен жолдың ақылы бөлігін бір бағытта жүріп өту құны алдын ала төлегенде шамамен 240 теңге, ал сапардан кейін төлегенде 276 теңге болады.
Жол бойына 10 бақылау аркасы орнатылған. Олар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін автоматты түрде анықтап, жүріп өткені үшін төлем есептейді.
"ҚазАвтоЖол" жолақыны алдын ала төлеу тиімді екенін еске салады. Ол үшін kaztoll.kz сайты, банк қосымшалары немесе басқа да ресми төлем сервистері арқылы көліктің жеке шотын алдын ала толтыру ұсынылады.
Ақылы жолға іргелес елді мекендер мен аудандарда тіркелген көлік иелеріне жеңілдетілген абонементтер қарастырылған. Жеңіл автокөліктерге арналған жылдық абонемент құны – небәрі 1 АЕК немесе 4 325 теңге.
Автобустар мен жүк көліктері үшін олардың санатына қарай айлық және жылдық абонементтер ұсынылады.
Ақылы жолдардан түскен қаражат жолдарды күтіп ұстауға, жөндеуге және арнайы техника сатып алуға жұмсалады.