https://sputnik.kz/20261114/zaysan-auezhayynda-sertifikattau-rasimi-bastaldy-68438110.html
Зайсан әуежайында сертификаттау рәсімі басталды
Зайсан әуежайында сертификаттау рәсімі басталды
Sputnik Қазақстан
Зайсан әуежайында ұшу-қону жолағының, перронның, рульдеу жолының, кірме жолдардың және негізгі инженерлік желілердің құрылысы, сондай-ақ жарық-сигналдық және... 14.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-14T10:52+0500
2026-11-14T10:52+0500
2026-11-14T11:01+0500
зайсан
әуежай
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/0e/68437067_0:112:1280:832_1920x0_80_0_0_20f7d0b6fbbccf41b7673b2a15589708.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов салынып жатқан Зайсан және Катонқарағай әуежайларына барды, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі.Министрліктің мәліметінше, Зайсан әуежайында ұшу-қону жолағының, перронның, рульдеу жолының, кірме жолдардың және негізгі инженерлік желілердің құрылысы, сондай-ақ жарық-сигналдық және радионавигациялық жабдықтарды орнату жұмыстары аяқталды.Қазіргі уақытта әуежай инфрақұрылымы нысандарының ғимараттарында әрлеу жұмыстары, жабдықтарды монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары жалғасуда.Катонқарағай әуежайында да ұшу-қону жолағының, перронның, рульдеу жолының және блокты-модульдік қазандықтың құрылысы, сондай-ақ республикалық маңызы бар автомобиль жолын көшіру жұмыстары аяқталды.Қазіргі уақытта инженерлік желілерді тарту, тазарту құрылыстарын салу, әуежай инфрақұрылымы нысандарының ғимараттарын әрлеу және аэронавигациялық жабдықтарды монтаждау жұмыстары жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20241223/qatonqaragay-men-zaysan-auezhaylary-paydalanuga-qashan-beriledi---ministr-zhauap-berdi-49476713.html
зайсан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/0e/68437067_11:0:1270:944_1920x0_80_0_0_b4eae7d6486650df809f5250341df1c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зайсан, әуежай
Зайсан әуежайында сертификаттау рәсімі басталды
10:52 14.11.2026 (жаңартылды: 11:01 14.11.2026) Зайсан әуежайында ұшу-қону жолағының, перронның, рульдеу жолының, кірме жолдардың және негізгі инженерлік желілердің құрылысы, сондай-ақ жарық-сигналдық және радионавигациялық жабдықтарды орнату жұмыстары аяқталды
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов салынып жатқан Зайсан және Катонқарағай әуежайларына барды, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, Зайсан әуежайында ұшу-қону жолағының, перронның, рульдеу жолының, кірме жолдардың және негізгі инженерлік желілердің құрылысы, сондай-ақ жарық-сигналдық және радионавигациялық жабдықтарды орнату жұмыстары аяқталды.
Қазіргі уақытта әуежай инфрақұрылымы нысандарының ғимараттарында әрлеу жұмыстары, жабдықтарды монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары жалғасуда.
"Жобаны іске асырудың қорытынды кезеңдерінің бірі – Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізіп жатқан Зайсан аэродромын сертификаттау рәсімінің басталуы", - делінген министрік хабарламасында.
Катонқарағай әуежайында да ұшу-қону жолағының, перронның, рульдеу жолының және блокты-модульдік қазандықтың құрылысы, сондай-ақ республикалық маңызы бар автомобиль жолын көшіру жұмыстары аяқталды.
Қазіргі уақытта инженерлік желілерді тарту, тазарту құрылыстарын салу, әуежай инфрақұрылымы нысандарының ғимараттарын әрлеу және аэронавигациялық жабдықтарды монтаждау жұмыстары жалғасып жатыр.