Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Польша Украинаға АҚШ қару-жарағын сатып алуға қаржы бөлуді тоқтатады – Туск

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуДональд Туск
Дональд Туск  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2026
Жазылу
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Варшава бұдан былай Киевке арналған америкалық қару-жарақ сатып алуға қаржы бөлмейді. Бұл туралы Польша премьер-министрі Дональд Туск мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Мен НАТО-ның Бас хатшысына қазіргі уақытта бұл жобаға бұдан былай қаржы салмайтынымызды хабарладым. Себебі біз өз қару-жарағымызды сатып алуға өте көп қаражат жұмсап жатырмыз", – деді ол.
Саясаткер сондай-ақ Польша бюджетінің тапшылығына назар аударып, елдің өз қажеттіліктеріне жұмсалатын шығындары жеткілікті екенін атап өтті.
АҚШ Мемлекеттік департаменті 30 қазанда Украинаға Patriot әуе қорғанысы жүйелеріне арналған 500 ұстап алушы зымыранды жеткізуге рұқсат берген. Келісімнің құны – 2,1 миллиард доллар. ОныКанада, Германия, Норвегия және Еуропалық одақ қаржыландырады.
CNN телеарнасы мұндай келісімшарттарды өндіру мен іске асыру мерзімдерінің ұзақтығына байланысты жеткізілімдер 2030 жылдан ерте басталмайтынын хабарлады.
Мәскеу Батыс елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізу ештеңені өзгертпейтінін және қақтығысты тек соза түсетінін бірнеше рет ескерткен болатын. РФ СІМ басшысы Сергей Лавров мұндай кез келген жүктер Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын баса айтты.
Варшава - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Польша қорғаныс министрі: кредитке алынған қару-жарақ Украинаға жіберілмейді
Жаңалықтар
0