Елорда тынысы

Астанада бесінші сынып оқушысы 1000-нан астам кітап оқыған

© Астана қаласының әкімдігіАстанада бесінші сынып оқушысы 1 000-нан астам кітап оқыған
Астанада бесінші сынып оқушысы 1 000-нан астам кітап оқыған - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2026
Жазылу
Кәусар Байсқақова бірнеше жыл ішінде ағылшын және орыс тілдерінде жазылған 1 000 кітап оқыған
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Астанадағы Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназияның бесінші сынып оқушысы Кәусар Байсқақова бірнеше жыл ішінде ағылшын және орыс тілдерінде жазылған 1 000 кітап оқыған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Кітап оқитын ұлт" жобасы аясында өткен "Мың кітап – бір оқырман" кездесуінде оқушы кітап оқудың сабақ үлгеріміне, оқуға деген ынтасына және өміріне қалай әсер еткені жайлы ой бөлісті.
Оның айтуынша, кітап оқу оның сабақ үлгерімін жақсартып, дүниетанымын кеңейтуге және айналасындағы дүниеге жаңаша көзқараспен қарауға әсер еткен.
"Бұрын көп нәрсені біле бермейтінмін. Көп кітап оқығаннан кейін талай нәрсені түсініп, жаңа дүниелерді білдім. Көзқарасым өзгерді. Қазір сабағым жақсы, кітап оқудың арқасында оқуға деген ынтам да артты", – дейді оқушы.
Ол бірнеше жылдың ішінде түрлі жанрдағы 1 000-нан астам кітап оқып үлгерген.
Кәусардың сүйікті авторларының бірі – Дулат Исабеков. Ал ерекше әсер қалдырған шығармалардың қатарында "Гауһар тас" повесі бар. Оның айтуынша, бос уақытының көп бөлігін телефон мен интернетке арнайтын қазіргі балалар үшін кітап оқудың маңызы ерекше.
"Меніңше, кітап оқу өз тіліңді білу, біліміңді арттыру және оқу үлгерімің үшін маңызды. Маған қағаз кітаптар көбірек ұнайды. Өйткені электронды кітаптар көзге және денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Қатарластарымның арасында қағаз кітапты да, электронды кітапты да оқитындар бар", – дейді бесінші сынып оқушысы.
Кездесу барысында оқушылар Кәусардан сүйікті шығармалары, кітап оқу дағдысы және өзгелерге оқуға ұсынатын кітаптары туралы сұрады. Сонымен қатар мұғалімдер оқушыларға Кәусар ұсынған кітаптардың бірін оқып, келесі сабақта алған әсерлерімен бөлісуді тапсырды.
Астанада мектеп оқушысы 800 кітап оқып, 100-ге жуық өлең шығарған - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
800-ден астам кітап оқыған: астаналық оқушы кітапқұмарлығының сырымен бөлісті
Жаңалықтар
0