Абай облысында республикалық құсбегілер турнирі өтті

© Photo : Абай облысының әкімдігі"Абай салбурыны – 2026" республикалық құсбегілер турнирі
Абай салбурыны – 2026 республикалық құсбегілер турнирі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2026
Жазылу
Екі күнге созылған ұлттық спорт додасына еліміздің 11 облысы мен 3 қаласынан 101 құсбегі қатысты
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Абай облысында "Абай салбурыны – 2026" республикалық құсбегілер турнирі өтті, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Республикалық турнир Абайдың шәкірті Көкбай Жанатайұлының 165 жылдық мерейтойына арналған.
© Photo : Абай облысының әкімдігі"Абай салбурыны – 2026" республикалық құсбегілер турнирі
Абай салбурыны – 2026 республикалық құсбегілер турнирі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2026
"Абай салбурыны – 2026" республикалық құсбегілер турнирі
Екі күнге созылған ұлттық спорт додасына еліміздің 11 облысы мен 3 қаласынан 101 құсбегі қатысты.
"13–14 қараша күндері ұйымдастырылған турнирде құсбегілер бүркіт, қаршыға және ителгі салудан өзара сынға түсті. Сонымен қатар 20-дан астам құмай тазының қатысуымен жарыстар ұйымдастырылды", - деп жазылған хабарламада.
Ұлттық спорт мерекесі аясында арқан тарту, садақ ату және тай көтеру сайыстары да өткізілді.
© Photo : Абай облысының әкімдігі
Абай салбурыны – 2026 республикалық құсбегілер турнирі - Sputnik Қазақстан
1/6
© Photo : Абай облысының әкімдігі
Абай салбурыны – 2026 республикалық құсбегілер турнирі - Sputnik Қазақстан
2/6
© Photo : Абай облысының әкімдігі
Абай салбурыны – 2026 республикалық құсбегілер турнирі - Sputnik Қазақстан
3/6
© Photo : Абай облысының әкімдігі
Абай салбурыны – 2026 республикалық құсбегілер турнирі - Sputnik Қазақстан
4/6
© Photo : Абай облысының әкімдігі
Абай салбурыны – 2026 республикалық құсбегілер турнирі - Sputnik Қазақстан
5/6
© Photo : Абай облысының әкімдігі
Абай салбурыны – 2026 республикалық құсбегілер турнирі - Sputnik Қазақстан
6/6
1/6
2/6
3/6
4/6
5/6
6/6
Ителгі салудан Ақмола облысының өкілі Ерлан Кенжетаев жеңімпаз атанды. Ал қаршыға салудан Жамбыл облысының өкілі Берікболсын Бабажан бірінші орынға ие болды. Бүркіт салудан Астана қаласының өкілі Ерасыл Серікбекұлы жеңімпаз атанды.
Қазақы тазылар жарысында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласынан келген Еркебұлан Әділбеков жеңімпаз атанды. Ұлттық спорт түрлерінен өткен сайыстарда да үздіктер анықталды.
Қазақстандық бүркітші Моңғолияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2026
Қазақстандық бүркітші Моңғолияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Жаңалықтар
0