Тауар бағасын салыстыратын платформаның жұмысы күшейтіледі

© Photo : Минторговли и интеграции КазахстанаАкция "Береке Fest" в Восточно-Казахстанской области
Акция Береке Fest в Восточно-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2026
Жазылу
Қазақстандықтар 220 мыңнан астам тауардың бағасын онлайн салыстыра алады
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі мен arzan.kz платформасы тауар бағасын салыстыру сервисін бірлесіп дамытуға келісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде arzan .kz платформасы Қазақстанның 7 қаласында жұмыс істейді. Сервис арқылы 18-ден астам сауда орны ұсынған 220 мыңнан астам тауардың бағасын салыстыруға болады.
"Платформа тұтынушыларға қажетті тауарлардан өз себетін құрастыруға, олардың әртүрлі дүкендердегі бағаларын салыстыруға, қолданыстағы жеңілдіктермен танысуға және ең тиімді ұсынысты таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша, азаматтар сатып алуды алдын ала жоспарлап, отбасылық бюджетін үнемдей алады", - дейді министрлік мамандары.
Ал министрлікпен жасалған меморандум аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ерекше назар аударылады. Платформада олар арнайы белгімен көрсетілген. Нәтижесінде тұтынушылар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын басқа өнімдерден оңай ажырата алады.
Сонымен қатар, сервисте тұтынушылардың құқығын қорғау, сауда жүргізу қағидалары және сауда үстемелерін қолдану тәртібіне қатысты қолданыстағы заңнама нормаларына сілтемелер орналастырылады. Бұл азаматтарға өз құқығын білуге және қандай тауарларға сауда үстемесін мемлекеттік реттеу қолданылатынын түсінуге көмектеседі.
Жаңалықтар
0