https://sputnik.kz/20261113/qar-koktaygaq-almaty-politsiyasy-zhurgizushilerge-undeu-zhasady-68434248.html
Қар, көктайғақ: Алматы полициясы жүргізушілерге үндеу жасады
Қар, көктайғақ: Алматы полициясы жүргізушілерге үндеу жасады
Sputnik Қазақстан
Жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша мұқият болу қажеттігі ескертілді 13.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-13T21:04+0500
2026-11-13T21:04+0500
2026-11-13T21:04+0500
алматы
полиция
https://sputnik.kz/img/07e7/01/17/31375154_6:0:2552:1432_1920x0_80_0_0_cc7aa00c92f010cfab8fdb03695c6320.jpg
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Алматы полициясы күннің суытуына және алдағы қолайсыз ауа райына байланысты жүргізушілерді көліктерін қысқы маусымға алдын ала дайындауға шақырды.Полиция автокөлік иелеріне жазғы шиналарды қысқы дөңгелектерге уақытылы ауыстыруды, тежеу жүйесін, аккумуляторды, жарық беру құрылғыларын және көліктің жалпы техникалық жағдайын тексеруді ұсынады.Сонымен қатар полиция қызметкерлері қысқы жол жағдайында жылдамдықты жол жабынына қарай таңдауға, күрт маневрлер мен шұғыл тежелуден аулақ болуға кеңес берді.
https://sputnik.kz/20260920/balanyn-qolynda-kenetten-qymbat-zattar-payda-bolady-iim-ata-analarga-undeu-zholdady-66861865.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/17/31375154_324:0:2233:1432_1920x0_80_0_0_67dbde16686843aed7964666ed5aa8c4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, полиция
Қар, көктайғақ: Алматы полициясы жүргізушілерге үндеу жасады
Жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша мұқият болу қажеттігі ескертілді
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Алматы полициясы күннің суытуына және алдағы қолайсыз ауа райына байланысты жүргізушілерді көліктерін қысқы маусымға алдын ала дайындауға шақырды.
Полиция автокөлік иелеріне жазғы шиналарды қысқы дөңгелектерге уақытылы ауыстыруды, тежеу жүйесін, аккумуляторды, жарық беру құрылғыларын және көліктің жалпы техникалық жағдайын тексеруді ұсынады.
"Қысқы жол салғырттықты кешірмейді. Көктайғақ болып, қар жауғанда және көріну қашықтығы төмендегенде аса сақ болып, жылдамдық режимін сақтап, көлік арасындағы қауіпсіз қашықтықты ұстану қажет. Жүргізушілерді көлікті қысқы маусымға дайындауды соңғы сәтке қалдырмауға, шиналарды уақытылы ауыстырып, көліктің негізгі жүйелерінің жарамдылығына көз жеткізуге шақырамыз", – деді Алматы қаласы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері қысқы жол жағдайында жылдамдықты жол жабынына қарай таңдауға, күрт маневрлер мен шұғыл тежелуден аулақ болуға кеңес берді.