https://sputnik.kz/20261113/kelesi-zhyly-50-meditsinalyq-kolledzh-memlekettik-attestattaudan-otedi-68432063.html
Келесі жылы 50 медициналық колледж мемлекеттік аттестаттаудан өтеді
Келесі жылы 50 медициналық колледж мемлекеттік аттестаттаудан өтеді
Sputnik Қазақстан
Орта буын медицина мамандарын даярлау сапасына мемлекеттік бақылау күшейтіліп жатыр 13.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-13T22:15+0500
2026-11-13T22:15+0500
2026-11-13T22:15+0500
колледж
тексеріс
https://sputnik.kz/img/745/46/7454627_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_1345f506cf6b1ecd83d755852acda489.jpg
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. 2027 жылдан бастап Қазақстандағы әрбір екінші медициналық колледжде көшпелі мониторинг жүргізіліп, мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.Ведомство 2026 жылы алғаш рет денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКББ) ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілгенін атап өтті. Жаңа қағидаларға сәйкес оқу орындарына міндетті түрде барып тексеру көзделген.Көшпелі аттестаттау барысында колледждердің материалдық-техникалық базасы, оқу процесінің ұйымдастырылуы, симуляциялық орталықтардың жабдықталуы және кадрларды даярлау сапасы бағаланады.Бүгінде республикада 100 медициналық колледж жұмыс істейді. Оның 22-сі – мемлекеттік колледждер.
https://sputnik.kz/20260730/songy-ush-zhylda-eldegi-kolledzh-studentterinin-sany-13-mynnan-astamga-deyin-osti-65348145.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/745/46/7454627_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_d970f06bb7828db72a07c1df293fe334.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
колледж, тексеріс
Келесі жылы 50 медициналық колледж мемлекеттік аттестаттаудан өтеді
Орта буын медицина мамандарын даярлау сапасына мемлекеттік бақылау күшейтіліп жатыр
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. 2027 жылдан бастап Қазақстандағы әрбір екінші медициналық колледжде көшпелі мониторинг жүргізіліп, мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ведомство 2026 жылы алғаш рет денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКББ) ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілгенін атап өтті. Жаңа қағидаларға сәйкес оқу орындарына міндетті түрде барып тексеру көзделген.
"2026 жылы аттестаттаумен 4 медициналық колледж қамтылды. Оның екеуінде тексеру жұмыстары жүргізілді. 2027 жылы 50 медициналық колледж мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Комиссиялар оқу орындарына барып, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (МЖМС) толық сәйкестігін 10 бағыт бойынша бағалайды", - деп жазылған хабарламада.
Көшпелі аттестаттау барысында колледждердің материалдық-техникалық базасы, оқу процесінің ұйымдастырылуы, симуляциялық орталықтардың жабдықталуы және кадрларды даярлау сапасы бағаланады.
Бүгінде республикада 100 медициналық колледж жұмыс істейді. Оның 22-сі – мемлекеттік колледждер.