https://sputnik.kz/20261113/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-13-qarasha-68396674.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 13 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 13 қараша
Sputnik Қазақстан
13 қарашада не болғанын білесіз бе? 13.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-13T00:01+0500
2026-11-13T00:01+0500
2026-11-13T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1191/76/11917668_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_9d86a292488f350e53164ea5d937d555.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.13 қарашада қандай қызықты оқиға болдыБүгін мерекелердің ішіндегі ең "мейірімдісі" Бүкіләлемдік мейірімділік күні аталып өтеді. Мейірімді болу денсаулыққа да пайдалы деп айтып жатады. Ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, мейірімді адамдардың өзгелерге қарағанда аз ауырып, 9 жылға ұзағырақ өмір сүретінін анықтады. Қайырымды жандардың жүрегі сау, ал иммунитеті мықты болады. Француз суретшісі Орель осы күн үшін "ашық жүрек" түрінде арнайы символ ойлап тапқан еді. 13 қарашада адамдар дәстүр бойынша ата-анасы мен жақын достарына гүл сыйлап, жылы, мақтау сөздер айтады, қайырымдылық шараларына қатысып, жақсылық жасайды.Сондай-ақ, бүгін – әрбір үйдің ас үйінен табылатын сосисканың туған күні. Бұл өнімді жақсы көрмейтін адам кемде-кем шығар. Сосисканы қуырып та, пісіріп те, қамырға орап та жеуге болады. Сосискадан әзірленетін тағам түрінің көптігі соншалық, санап тауыса алмайсың. Оның танымалдылығының құпиясы – жылдам әрі оңай дайындалуында.Бүгін – Халықаралық зағиптар күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл мерекені француз педагогы Валентин Гаюидің туған күніне орайластыру туралы шешім қабылдайды. Гаюи зағип балалар үшін өз ақшасына әлемдегі алғашқы мектепті ашқан.13 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар1775 жылы Америка революциясы кезінде генерал Ричард Монтгомери бастаған америкалық әскерлер Канаданың Монреаль қаласын басып алды;1805 жылы веналық ет сатушы Иоганн Ланер сосисканы ойлап тапты;1872 жылы Лев Николаевич Толстойдың "Азбукасының" алғашқы басылымы жарыққа шықты;1927 жылы Нью-Йорк пен Нью-Джерсиді жалғайтын Гудзон өзені астындағы Голланд туннелі көлік қозғалысы үшін ашылды;1971 жылы "Mariner 9" автоматты планетааралық станциясы орбитаға шығып, Марстың алғашқы жасанды серігі болды;1985 жылы Колумбиядағы Невадо-дель-Руис жанартауы атқылап, Армеро қаласын лай көшкіні басып қалды. Табиғи апат салдарынан 23 мыңнан астам адам қаза тапты.13 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1970 жылы "Қыз Жібек" көркем фильмі прокатқа шықты;1997 жылы ҚР Ұлттық банкінің музейі ресми түрде ашылды; 1993 жылы республикалық газеттерде Қазақстанның жаңа ұлттық валютасы – теңгенің алғашқы суреттері жарияланды;2007 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Сыр өзені арқылы өтетін жаңа көпір іске қосылды;2012 жылы Жамбыл облысының Шу ауданында "Тараз" химия паркі" арнайы экономикалық аймағы құрылды;2012 жылы Қазақстан алғаш рет БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі болып сайланды.13 қарашада әлемде туған танымал тұлғалар1312 жылы Англия королі Эдуард III дүниеге келді. Ол Англияны 50 жылға жуық басқарды;1745 жылы француз педагогы, зағип жандарға арналған әліпбидің авторы Валентин Гаюи дүниеге келді;1850 жылы ағылшын жазушысы Роберт Льюис Стивенсон ("Қазына аралы") өмірге келді;1893 жылы америкалық биохимик, 1943 жылғы физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Эдвард Дойзи дүниеге келді;1955 жылы америкалық театр және кино әртісі, продюсер, сценарийші, тележүргізуші Вупи Голдберг өмірге келді (фильмдері: "Джек-попрыгун", "Воровка", "Роковая красотка", "Приведение");1967 жылы америкалық тележүргізуші, комик Джимми Киммел дүниеге келді;1969 жылы шотланд киноәртісі Джерард Батлер туды (фильмдері: "300 спартанцев", "Законопослушный гражданин", "Голая правда");1987 жылы кәсіпкер, Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов дүниеге келді.1999 жылы британдық автокөлік жарысының жүргізушісі, "Формула-1" пилоты Ландо Норрис дүниеге келді.13 қарашада Қазақстанда кімдер туды1954 жылы мемлекет және қоғам қайраткері, бұрынғы мәжіліс депутаты Асқар Базарбаев дүниеге келді;1955 жылы Халықаралық дәрежедегі хоккейден спорт шебері, қысқы Олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Борис Александров дүниеге келді;1957 жылы белгілі бизнесмен, Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов туды.
https://sputnik.kz/20261112/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-12-qarasha-68375929.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/76/11917668_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_ba3c0fff72531d47b49578de63575f0c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 13 қараша
13 қарашада не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
13 қарашада қандай қызықты оқиға болды
Бүгін мерекелердің ішіндегі ең "мейірімдісі" Бүкіләлемдік мейірімділік күні аталып өтеді. Мейірімді болу денсаулыққа да пайдалы деп айтып жатады. Ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, мейірімді адамдардың өзгелерге қарағанда аз ауырып, 9 жылға ұзағырақ өмір сүретінін анықтады. Қайырымды жандардың жүрегі сау, ал иммунитеті мықты болады. Француз суретшісі Орель осы күн үшін "ашық жүрек" түрінде арнайы символ ойлап тапқан еді. 13 қарашада адамдар дәстүр бойынша ата-анасы мен жақын достарына гүл сыйлап, жылы, мақтау сөздер айтады, қайырымдылық шараларына қатысып, жақсылық жасайды.
Сондай-ақ, бүгін – әрбір үйдің ас үйінен табылатын сосисканың туған күні. Бұл өнімді жақсы көрмейтін адам кемде-кем шығар. Сосисканы қуырып та, пісіріп те, қамырға орап та жеуге болады. Сосискадан әзірленетін тағам түрінің көптігі соншалық, санап тауыса алмайсың. Оның танымалдылығының құпиясы – жылдам әрі оңай дайындалуында.
Бүгін – Халықаралық зағиптар күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл мерекені француз педагогы Валентин Гаюидің туған күніне орайластыру туралы шешім қабылдайды. Гаюи зағип балалар үшін өз ақшасына әлемдегі алғашқы мектепті ашқан.
13 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар
1775 жылы Америка революциясы кезінде генерал Ричард Монтгомери бастаған америкалық әскерлер Канаданың Монреаль қаласын басып алды;
1805 жылы веналық ет сатушы Иоганн Ланер сосисканы ойлап тапты;
1872 жылы Лев Николаевич Толстойдың "Азбукасының" алғашқы басылымы жарыққа шықты;
1927 жылы Нью-Йорк пен Нью-Джерсиді жалғайтын Гудзон өзені астындағы Голланд туннелі көлік қозғалысы үшін ашылды;
1971 жылы "Mariner 9" автоматты планетааралық станциясы орбитаға шығып, Марстың алғашқы жасанды серігі болды;
1985 жылы Колумбиядағы Невадо-дель-Руис жанартауы атқылап, Армеро қаласын лай көшкіні басып қалды. Табиғи апат салдарынан 23 мыңнан астам адам қаза тапты.
13 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1970 жылы "Қыз Жібек" көркем фильмі прокатқа шықты;
1997 жылы ҚР Ұлттық банкінің музейі ресми түрде ашылды;
1993 жылы республикалық газеттерде Қазақстанның жаңа ұлттық валютасы – теңгенің алғашқы суреттері жарияланды;
2007 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Сыр өзені арқылы өтетін жаңа көпір іске қосылды;
2012 жылы Жамбыл облысының Шу ауданында "Тараз" химия паркі" арнайы экономикалық аймағы құрылды;
2012 жылы Қазақстан алғаш рет БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі болып сайланды.
13 қарашада әлемде туған танымал тұлғалар
1312 жылы Англия королі Эдуард III дүниеге келді. Ол Англияны 50 жылға жуық басқарды;
1745 жылы француз педагогы, зағип жандарға арналған әліпбидің авторы Валентин Гаюи дүниеге келді;
1850 жылы ағылшын жазушысы Роберт Льюис Стивенсон ("Қазына аралы") өмірге келді;
1893 жылы америкалық биохимик, 1943 жылғы физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Эдвард Дойзи дүниеге келді;
1955 жылы америкалық театр және кино әртісі, продюсер, сценарийші, тележүргізуші Вупи Голдберг өмірге келді (фильмдері: "Джек-попрыгун", "Воровка", "Роковая красотка", "Приведение");
1967 жылы америкалық тележүргізуші, комик Джимми Киммел дүниеге келді;
1969 жылы шотланд киноәртісі Джерард Батлер туды (фильмдері: "300 спартанцев", "Законопослушный гражданин", "Голая правда");
1987 жылы кәсіпкер, Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов дүниеге келді.
1999 жылы британдық автокөлік жарысының жүргізушісі, "Формула-1" пилоты Ландо Норрис дүниеге келді.
13 қарашада Қазақстанда кімдер туды
1954 жылы мемлекет және қоғам қайраткері, бұрынғы мәжіліс депутаты Асқар Базарбаев дүниеге келді;
1955 жылы Халықаралық дәрежедегі хоккейден спорт шебері, қысқы Олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Борис Александров дүниеге келді;
1957 жылы белгілі бизнесмен, Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов туды.