Астанада автобус жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтуСалон автобуса
Салон автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2026
Жазылу
Жол апаты 13 қарашада Молдағалиев көшесінде болған
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Астанада автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кетті.
Полицияның мәліметінше, жол апаты 13 қарашада Молдағалиев көшесінде болған.
"Автобус жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен", – деп хабарлады полиция.
Жасөспірім ауруханаға жеткізілді.
Жаңалықтар
0