2027 жылы Дүниежүзілік азық-түлік ұйымының штаб-пәтерінде "ЕАЭО күндері" өтеді

© Photo : Пресс-служба Евразийской экономической комиссииМеждународный круглый стол "Механизмы и инструменты ФАО, ШОС и ЕАЭС, влияющие на трансформацию агропродовольственных систем" провели ЕЭК
Международный круглый стол Механизмы и инструменты ФАО, ШОС и ЕАЭС, влияющие на трансформацию агропродовольственных систем провели ЕЭК - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2026
Жазылу
Іс-шараны ұйымдастыру және өткізу мәселелері Еуразиялық экономикалық комиссияда пысықталады
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы, ШЫҰ және ЕАЭО-ның агроазық-түлік жүйелері саласындағы ынтымақтастығы талқыланды. Жиынға Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян төрағалық етті.
"Агроазық-түлік жүйелерін трансформациялауға әсер ететін БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы, ШЫҰ және ЕАЭО тетіктері мен құралдары" атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысушылар агроазық-түлік жүйелерін өзгерту, олардың тұрақтылығын нығайту және климаттың өзгеруіне бейімдеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
"ШЫҰ мен БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы өкілдері ЕАЭО елдерінің әлемдік агроазық-түлік жүйесіндегі маңызды рөлін атап өтті", – делінген хабарламада.
Кездесу барысында үш ұйымның қолданыстағы құралдары қарастырылып, олардың өзара ықпалдасу бағыттары айқындалды. Сондай-ақ Еуразия өңіріндегі агроазық-түлік жүйелерінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін ынтымақтастықтың перспективалы форматтары белгіленді.
"Бірлескен күш-жігерімізді біріктіру нақты әрі тәжірибеге бағытталған шешімдер әзірлеу үшін үлкен әлеуетке ие екеніне сенімдімін. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының жеткізу тізбектерін трансформациялау тәжірибесі, ШЫҰ-ның Еуразиялық дәліздерді дамыту әлеуеті және Одақтың құқықтық құралдары жиынтығында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізін қалыптастырады", – деп атап өтті ЕЭК министрі.
Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге инновациялар мен жасанды интеллектіні енгізу, экспортты қолдау және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді сақтандыру мәселелері де назарға алынды.
Комиссия мен оған мүше мемлекеттердің қазіргі таңда күш-жігерін жұмылдырып отырған ауыл шаруашылығы өндірісінің жедел өсуінің басты факторы – озық технологияларды енгізу және аграрлық нарықты цифрлық трансформациялау, деп атап өтті Барсегян.
"Цифрлық егемендікті сақтай отырып және технологиялармен алмаса отырып, жасанды интеллектіні пайдалану – бизнестің тиімділігін арттырудың, бәсекеге қабілеттілікті өсірудің және Одақтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуін нығайтудың тікелей құралы", – деді Гоар Барсегян.
Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында ЕАЭО-ның статистикалық және болжамдық құралдарын ШЫҰ-ның "Азық-түлік қауіпсіздігі атласымен" өзара үйлестіру мәселелерін пысықтау, сондай-ақ БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен ЕЭК-тің агроинновациялар мен технологияларды трансферттеуге арналған цифрлық кеңістік қалыптастыру жөніндегі бірлескен зерттеуін жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Пункт пропуска Казыгурт в Туркестанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Қаржы министрлігі ЕАЭО кеденінде ақша тәркілеу тәртібіне енгізілген өзгерістерді жариялады
Жаңалықтар
0