Жолсерік 5 келі есірткімен ұсталды

Поезд Тальго  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Жазылу
Тәркіленген есірткі заттарының қара нарықтағы құны 18 миллион теңгеден асады
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен елордаға есірткі заттарын жеткізу арнасы анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Көліктегі полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, жақында "Түркістан – Павлодар" бағытындағы жолаушылар пойызының 39 жастағы жолсерігі ұсталды.
"Оның тұрғылықты жерін тінту барысында 5 келіден астам гашиш тәркіленді. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі жеткізуші деген күдікке ілінген Жамбыл облысының 33 жастағы тумасы анықталды. Ол есірткіні ақшалай сыйақы үшін өткізген", - дейді полицейлер.
Тәркіленген есірткі заттарының қара нарықтағы құны 18 миллион теңгеден асады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы (есірткіні өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетері, адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған осы қылмыс үшін жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.
Оқиға
Ақтөбе-Атырау пойызының жолсерігі соққыға жығылды
Жаңалықтар
0