Жәрдемақыны мұқтаждыққа қарай төлеу жөніндегі пилоттық жобаның мерзімі жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне с деньгами
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Жазылу
Жобаны жүзеге асыру үшін министрлік жанынан арнайы жобалық кеңсе құрылады
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақыны мұқтаждыққа қарай төлеу жөніндегі пилоттық жобаның мерзімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Пилоттық жоба келесі жылы 11 қаңтарда басталады. Соның аясында бағалау нәтижесінде әл-ауқаты жоғары және ауқатты санаттарға жатқызылған отбасылар алатын 36 әлеуметтік төлемнің 12 түрі бойынша жаңа тәсілдер тексеріледі.
Жобаны жүзеге асыру үшін министрлік жанынан арнайы жобалық кеңсе құрылады. Оның негізгі міндеттері:
ұсынылып отырған тәсілдерді жан-жақты қарау;
әлеуметтік-экономикалық салдарын талдау;
ықтимал тәуекелдерді бағалау;
әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
"Жобаны іске асыру кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл ретте талдау нәтижелері, ұсынылған тетіктердің тиімділігі және заңнамада белгіленген әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы ескеріледі. Мемлекеттік көмек, ең алдымен, оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көрсетіліп, бюджет қаражаты қоғам игілігі үшін барынша тиімді пайдаланылуға тиіс", - дейді министрлік мамандары.
Айта кетері, жобалық кеңсенің құрамына президент әкімшілігі, үкімет аппараты, Құрылтай өкілдері және сарапшылар кіреді.
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Тоқаев жәрдемақы тағайындаудың жаңа жүйесіне қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
0