https://sputnik.kz/20261112/tramp-ukrainadagy-qaqtygysty-tezirek-ayaqtau-manyzdy-dep-sanaydy-68401636.html
Уиткофф: Трамп Украинадағы қақтығысты тезірек аяқтау маңызды деп санайды
Уиткофф: Трамп Украинадағы қақтығысты тезірек аяқтау маңызды деп санайды
Sputnik Қазақстан
АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Абу-Дабиден Мәскеуге келді 12.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-12T19:38+0500
2026-11-12T19:38+0500
2026-11-12T19:45+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/15/67811173_0:0:3049:1716_1920x0_80_0_0_dba772034f829f1fd785d3b2e14b5a67.jpg
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысты реттеуге бейілді екенін растады, деп хабарлайды РИА Новости.Бейсенбі күні Владимир Путин Кремльде АҚШ президентінің арнайы өкілдерімен кездесу өткізді.Ал Ресей президенті Владимир Путин Константиновкада Алешки тәжірибесі бойынша гуманитарлық миссия ұйымдастыру қажеттігін мәлімдеді.Сондай-ақ Ресейге Константиновка маңындағы аумақты минадан тазарту үшін бес тәулік қажет екенін айтты.Бұған дейін Алешкиде жергілікті тұрғындарды эвакуациялау бойынша гуманитарлық миссия өткізілген болатын. Эвакуациялау операциясын ұйымдастыруға АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп жетекшілік еткен.АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Абу-Дабиден Мәскеуге келді. Онда бұған дейін Ресей, АҚШ және Украина арасында үшжақты келіссөз өткен болатын.Ресей делегациясының басшысы, Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединскийдің айтуынша, келіссөздің негізгі тақырыбы Еуропа қауіпсіздігінің архитектурасы болған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/15/67811173_318:0:3049:2048_1920x0_80_0_0_d95fcae110582235828976eccb45f11a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Уиткофф: Трамп Украинадағы қақтығысты тезірек аяқтау маңызды деп санайды
19:38 12.11.2026 (жаңартылды: 19:45 12.11.2026) АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Абу-Дабиден Мәскеуге келді
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысты реттеуге бейілді екенін растады, деп хабарлайды РИА Новости.
Бейсенбі күні Владимир Путин Кремльде АҚШ президентінің арнайы өкілдерімен кездесу өткізді.
"Президент Трамп, әрине, бүгін сіздерге жеткізетін ақпаратымызды қолдайды. Ол бұл қақтығысты мүмкіндігінше тезірек аяқтау өте маңызды деп санайды және осыны сіздерге жеткізуді бізден өтінді", – деді Уиткофф кездесу барысында.
Ал Ресей президенті Владимир Путин Константиновкада Алешки тәжірибесі бойынша гуманитарлық миссия ұйымдастыру қажеттігін мәлімдеді.
Сондай-ақ Ресейге Константиновка маңындағы аумақты минадан тазарту үшін бес тәулік қажет екенін айтты.
Бұған дейін Алешкиде жергілікті тұрғындарды эвакуациялау бойынша гуманитарлық миссия өткізілген болатын. Эвакуациялау операциясын ұйымдастыруға АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп жетекшілік еткен.
АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Абу-Дабиден Мәскеуге келді. Онда бұған дейін Ресей, АҚШ және Украина арасында үшжақты келіссөз өткен болатын.
Ресей делегациясының басшысы, Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединскийдің айтуынша, келіссөздің негізгі тақырыбы Еуропа қауіпсіздігінің архитектурасы болған.