АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қызылорда облысының Сырдария ауданында "Қызылорда крахмал-сірне зауыты" инвестициялық жобасының алғашқы кезеңі – жүгеріні кептіру және сақтау кешені іске қосылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.Жалпы құны 40 млрд теңгені құрайтын жоба өңдеу өнеркәсібін дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруға және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық әлеуетін нығайтуға бағытталған.Жоба жалпы аумағы 35 гектар жерді қамтиды және екі кезең бойынша жүзеге асырылады.Жобаның іске асырылуы өңірде ауыл шаруашылығы шикізатын сақтауға және өңдеуге арналған заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнім өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ жүгері егістігінің көлемін одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар өңдеу қуаттарының артуы ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруға және қосылған құны жоғары өнімдердің үлесін көбейтуге жол ашады.Биыл өңірде дәндік жүгері 11 мың гектар алқапқа егіліп, 60 мың тоннадан астам өнім жиналды.Аталған бағытты одан әрі дамыту және болашақ зауытты қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында 2027 жылы жүгері егістігінің көлемін 28 мың гектарға дейін ұлғайту көзделіп отыр.
Жоба жалпы аумағы 35 гектар жерді қамтиды және екі кезең бойынша жүзеге асырылады
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қызылорда облысының Сырдария ауданында "Қызылорда крахмал-сірне зауыты" инвестициялық жобасының алғашқы кезеңі – жүгеріні кептіру және сақтау кешені іске қосылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жалпы құны 40 млрд теңгені құрайтын жоба өңдеу өнеркәсібін дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруға және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Қызылордада жүгеріні терең өңдеу жобасының алғашқы кезеңі іске қосылды
Жоба жалпы аумағы 35 гектар жерді қамтиды және екі кезең бойынша жүзеге асырылады.
"Бірінші кезең аясында бір мезгілде 20 мың тонна жүгері сақтауға мүмкіндік беретін кешен пайдалануға берілді. Ал екінші кезеңде жүгеріні терең өңдеп, крахмал мен сірне өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Жобаның іске асырылуы өңірде ауыл шаруашылығы шикізатын сақтауға және өңдеуге арналған заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнім өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ жүгері егістігінің көлемін одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар өңдеу қуаттарының артуы ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруға және қосылған құны жоғары өнімдердің үлесін көбейтуге жол ашады.
Биыл өңірде дәндік жүгері 11 мың гектар алқапқа егіліп, 60 мың тоннадан астам өнім жиналды.
Аталған бағытты одан әрі дамыту және болашақ зауытты қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында 2027 жылы жүгері егістігінің көлемін 28 мың гектарға дейін ұлғайту көзделіп отыр.