https://sputnik.kz/20261112/qazaqstannyn-tort-filmi-gauar-kobelek-kinosyylygyna-usynyldy-68403507.html
Қазақстанның төрт фильмі "Гауһар көбелек" киносыйлығына ұсынылды
Қазақстанның төрт фильмі "Гауһар көбелек" киносыйлығына ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға Қазақстан алғаш рет қатысып отыр 12.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-12T22:02+0500
2026-11-12T22:02+0500
2026-11-12T22:02+0500
кино
кинофестиваль
қазақ киносы
https://sputnik.kz/img/191/69/1916962_0:170:2747:1715_1920x0_80_0_0_c834a9721469fd44c2367e632157970f.jpg
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қазақстанның төрт фильмі Мәскеуде өтіп жатқан Еуразиялық киноакадемияның "Гауһар көбелек" халықаралық киносыйлығына ұсынылды.Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға Қазақстан алғаш рет қатысып отыр. Жалпы, 19 елден 41 кинотуынды бақ сынайды.Қазақстан атынан Фархат Шариповтің "Эвакуация", Думан Еркімбектің "Рестарт", Әділ Мерекенің "Күзгі жел" және Гүлшат Смағұлованың "Шатыр тұрғындары" фильмдері ұсынылды.Ал Қазақстан Кинематографистер лигасының басшысы Айдар Баталов "Гауһар көбелек" сыйлығының маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бұл жоба әртүрлі елдердің киноиндустриясын жақындастырып, ортақ мәдени кеңістікті қалыптастыруға ықпал етеді.Айта кетері, "Гауһар көбелек" еуразиялық киносыйлығы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/191/69/1916962_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_7e0cc91d5fe4601541e2657ce4ebd3aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кино, кинофестиваль, қазақ киносы
кино, кинофестиваль, қазақ киносы
Қазақстанның төрт фильмі "Гауһар көбелек" киносыйлығына ұсынылды
Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға Қазақстан алғаш рет қатысып отыр
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қазақстанның төрт фильмі Мәскеуде өтіп жатқан Еуразиялық киноакадемияның "Гауһар көбелек" халықаралық киносыйлығына ұсынылды.
Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға Қазақстан алғаш рет қатысып отыр. Жалпы, 19 елден 41 кинотуынды бақ сынайды.
Қазақстан атынан Фархат Шариповтің "Эвакуация", Думан Еркімбектің "Рестарт", Әділ Мерекенің "Күзгі жел" және Гүлшат Смағұлованың "Шатыр тұрғындары" фильмдері ұсынылды.
"Фильмдеріміз әлемдік нарықта, ТМД елдерінде қызығушылық тудырады деп ойлаймын. Өнерде тіл жоқ, ол эмоция сыйлай алады", – деді "Рестарт" фильмінің продюсері Жалын Тілеуберген.
Ал Қазақстан Кинематографистер лигасының басшысы Айдар Баталов "Гауһар көбелек" сыйлығының маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бұл жоба әртүрлі елдердің киноиндустриясын жақындастырып, ортақ мәдени кеңістікті қалыптастыруға ықпал етеді.
"Ресей киносы, қазақ киносы, өзбек киносы, қырғыз киносы – мұның бәрі бірге еуразиялық кинематографты құрайды. Ол – біздің ортақ дүниеміз", – деді ол.
Айта кетері, "Гауһар көбелек" еуразиялық киносыйлығы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.