https://sputnik.kz/20261112/bizneske-arnalgan-litsenziyalar-men-ruqsattar-endi-zhyldam-beriledi-68392136.html
Бизнеске арналған лицензиялар мен рұқсаттар енді жылдам беріледі
Бизнеске арналған лицензиялар мен рұқсаттар енді жылдам беріледі
Sputnik Қазақстан
Жүйе қажетті мәліметтерді мемлекеттік деректер базаларынан өздігінен алады 12.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-12T12:42+0500
2026-11-12T12:42+0500
2026-11-12T13:00+0500
бизнес
рұқсат
цифрландыру
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0d/53497672_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_86ff4deac5945527ddb7b1def3fc41b1.jpg
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Ақпараттық жүйелер енді қажетті мәліметтерді өздігінен тексеріп, бұрын бірнеше апта уақытты қажет еткен шешімдерді лезде қабылдайды, деп хабарлады Жасанды интеллект және цирфлық даму министрлігі.Бұл мемлекеттік деректер базаларын интеграциялау және әкімшілік рәсімдерді жеңілдету нәтижесінде мүмкін болып отыр.Жүйе қажетті мәліметтерді мемлекеттік деректер базаларынан өздігінен алады, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және барлық шарт орындалған жағдайда оң шешім қалыптастырады.Нәтижесінде бұрын бірнеше аптаға созылған рәсім енді лезде орындалады. Бұл ретте шешім мемлекеттік орган қызметкерінің қатысуынсыз, алдын ала белгіленген бірыңғай қағидалар негізінде қабылданады.Министрлік хабарлауынша, 2024 жылдан бастап eLicense.kz порталы арқылы өтініштерді қолмен қараусыз, тексеру және шешім қабылдау автоматты түрде жүзеге асырылатын 87 088 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бүгінде мұндай тетік бизнеске арналған 12 мемлекеттік қызмет бойынша қолданылады.Алдағы уақытта бұл қағидат шешімдерді цифрлық деректер мен белгіленген талаптар негізінде қабылдауға болатын басқа да мемлекеттік қызметтерге кезең-кезеңімен енгізіледі.
https://sputnik.kz/20261016/otbasynyn-tsifrlyq-kartasy-aleumettik-qoldau-zhuyesinde-qanday-ozgeris-bolady-67650096.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0d/53497672_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_f134eeeab55ad7dcf8e4e82e52b70820.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бизнес, рұқсат, цифрландыру
бизнес, рұқсат, цифрландыру
Бизнеске арналған лицензиялар мен рұқсаттар енді жылдам беріледі
12:42 12.11.2026 (жаңартылды: 13:00 12.11.2026) Жүйе қажетті мәліметтерді мемлекеттік деректер базаларынан өздігінен алады
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Ақпараттық жүйелер енді қажетті мәліметтерді өздігінен тексеріп, бұрын бірнеше апта уақытты қажет еткен шешімдерді лезде қабылдайды, деп хабарлады Жасанды интеллект және цирфлық даму министрлігі.
Бұл мемлекеттік деректер базаларын интеграциялау және әкімшілік рәсімдерді жеңілдету нәтижесінде мүмкін болып отыр.
"Бұрын жекелеген лицензиялар мен рұқсаттарды алу 15-тен 30 күнтізбелік күнге дейін созылатын. Кәсіпкер құжаттарды жинап, оларды мемлекеттік органға тапсырып, тексеру мен шешім қабылдауды күтуі қажет болатын. Енді автоматтандырылған қызметтер бойынша электрондық өтініш беру жеткілікті", - деп жазылған хабарламада.
Жүйе қажетті мәліметтерді мемлекеттік деректер базаларынан өздігінен алады, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және барлық шарт орындалған жағдайда оң шешім қалыптастырады.
Нәтижесінде бұрын бірнеше аптаға созылған рәсім енді лезде орындалады. Бұл ретте шешім мемлекеттік орган қызметкерінің қатысуынсыз, алдын ала белгіленген бірыңғай қағидалар негізінде қабылданады.
Министрлік хабарлауынша, 2024 жылдан бастап eLicense.kz порталы арқылы өтініштерді қолмен қараусыз, тексеру және шешім қабылдау автоматты түрде жүзеге асырылатын 87 088 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бүгінде мұндай тетік бизнеске арналған 12 мемлекеттік қызмет бойынша қолданылады.
Алдағы уақытта бұл қағидат шешімдерді цифрлық деректер мен белгіленген талаптар негізінде қабылдауға болатын басқа да мемлекеттік қызметтерге кезең-кезеңімен енгізіледі.