Шығын 35 млн теңге: "ҚазАвтоЖол" АҚ еншілес ұйымының бас бухгалтері сотталды

Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Жазылу
Бас бухгалтер ұйымның қаражатын өзінің жеке банктік шотына аударып отырған
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Атырау қаласында "ҚазАвтоЖол" АҚ еншілес ұйымының бас бухгалтері 35 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Тексеру барысында "ҚАЖсервис" ЖШС филиалының 34,8 млн теңге көлеміндегі қаражатын жымқыру дерегі анықталды.
"Анықталғандай, бас бухгалтер заңсыз түрде төлемдерді есептеп, ұйымның қаражатын өзінің жеке банктік шотына аударып отырған", - деп жазылған хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Атырау қаласының №2 сотының үкімімен ол кінәлі деп танылды. Оған материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан бес жыл мерзімге айыра отырып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
"ҚАЖсервис" ЖШС-нің материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Ақмола облысында лауазымды тұлғалар жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырған
Жаңалықтар
0