Алматының үш туристік нысаны әлемдік рейтингтің үздік жүздігіне енді

© Sputnik / Тимур БатыршинНа горном курорте Шымбулак прошли Gorilla Winter Jungle - ежегодные соревнования на самые экстремальные трюки, выполненные мастерами полетов на сноуборде и лыжах
На горном курорте Шымбулак прошли Gorilla Winter Jungle - ежегодные соревнования на самые экстремальные трюки, выполненные мастерами полетов на сноуборде и лыжах - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Жазылу
Іле Алатауының көрікті жерлері әлемдік үздіктер қатарынан көрінді
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. The Worldworthy 100 халықаралық редакциялық рейтингінің 2026 жылғы шығарылымында Алматының үш туристік нысаны әлемнің үздік 100 нысанының қатарына енді, деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен байланысты екі туристік бағыт әлемдік рейтингте жоғары бағаланды:
Кімасар шатқалы – әлемдегі үздік жаяу туристік бағыттар арасында 56-орында.
Бутаков шатқалы – әлемдік рейтингте 79-орын иеленді.
Сонымен қатар Шымбұлақ аспалы жолы әлемдегі ең үздік 100 аспалы жол рейтингінде 9-орынға ие болды.
"Аталған үш нысан да Worldworthy 100 рейтингінің 2026 жылғы лауреаты атанып, арнайы сертификаттармен марапатталды", - деп жазылған хабарламада.
Worldworthy 100 – келушілердің пікірі мен бағасына, журналистік зерттеулерге және ашық дереккөздердегі мәліметтерге негізделген халықаралық редакциялық рейтинг.
"Бұл жетістік Іле-Алатауының табиғи көрікті жерлеріне халықаралық қызығушылықты арттырып, Қазақстанның экотуристік әлеуетін әлемге танытуға мүмкіндік береді", - дейді мамандар.
Танымал туристік бағыттардағы теміржол билеттеріне 20% жеңілдік жасалады - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2026
Танымал туристік бағыттардағы теміржол билеттеріне 20% жеңілдік жасалады
Жаңалықтар
0