Захарова: Украинадағы азаптау орындарынан жылына 7,2 млрд доллар табыс түседі

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуОфициальный представитель министерства иностранных дел России Мария Захарова
Официальный представитель министерства иностранных дел России Мария Захарова - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Жазылу
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Украинада құпия түрмелер мен азаптау орындары бар екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, ашық дереккөздерде құпия түрмелерде ұсталып отырған әскери қызметшілерді сатып алу-сату туралы ұсыныстар жарияланған. Захарова мұның барлығы Киев билігінің қамқорлығымен жүзеге асып жатқанын айтты.
Сондай-ақ ол Украинадағы азаптау орындарынан түсетін орташа жылдық табыс 7,2 млрд долларды құрайтынын мәлімдеді.
Захарова Украинадағы құпия түрмелерге қатысты ақпаратты жария еткен белсенділердің қудаланғанын атап өтті. Оның айтуынша, жертөлелерде жараланған және кәмелетке толмаған әскери қызметшілердің ұсталып отырғанын айтып, биліктен шара қолдануды сұраған белсенділердің өздері жауапқа тартылған.
"Оларды арандатушылық жасады және жалған ақпарат таратты деп айыптады. Әрине, Ресейдің де қатысы бар деп танылды", – деді ол.
Захарованың мәліметінше, Украина қауіпсіздік қызметі осындай үндеу жасаған 130 адамның жеке басын анықтаған. Белсенділерден көпшілік алдында кешірім сұрау талап етілген. Ал төрт адам кепілмен босату құқығынсыз қамауға алынған. Оларға сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
Жаңалықтар
0