Тоқаев: Терроризм мен есірткі айналымына қарсы күш біріктіру қажет

© POOL / Медиабанкке өтуЗаседание Совета коллективной безопасности Организации Договора о коллективной безопасности в Москве
Заседание Совета коллективной безопасности Организации Договора о коллективной безопасности в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы Ресей тарапының биыл ҰҚШҰ-ға өте нәтижелі төрағалық еткенін атап өтті
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекеттер басшылары ҰҚШҰ аясындағы ықпалдастықтың негізгі аспектілерін қарастырып, Ұйымның 2026 жылы атқарған қызметінің нәтижесіне баға берді әрі алдағы кезеңге арналған жұмыстың басты бағыттарын айқындады.
Сондай-ақ президенттер халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдіріп, Ресей тарапының биыл ҰҚШҰ-ға өте нәтижелі төрағалық еткенін атап өтті.
"Президент халықаралық терроризммен күрес, есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ жасанды интеллект технологиясының ықпалы ұлғайып келе жатқанын ескере отырып, ақпараттық қауіпсіздікті нығайту бағыттары бойынша күш-жігер жұмылдыру қажет екеніне назар аударды", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан президенті сөз соңында ҰҚШҰ-ға төрағалық ететін Тәжікстанның көшбасшысы Эмомали Рахмонды құттықтап, осы жауапты миссияны атқаруда сәттілік тіледі.
Жиын қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Сонымен қатар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ортақ мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздікті одан әрі нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылды.
Саммитке Қазақстан президентімен бірге Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ бас хатшысы Таалатбек Масадыков қатысты.
Архивное фото флагов стран-участниц Евразийского экономического союза (ЕАЭС) - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Армения ҰҚШҰ-да дауыс беру құқығынан айырылды
Жаңалықтар
0