Стипендия 500 мың теңгеге дейін өседі - министр

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Жазылу
Соңғы бес жылда шәкіртақы екі есеге көтерілген
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек PhD докторанттардың стипендиясын 500 мың теңгеге дейін жеткізу жоспарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде докторанттардың шәкіртақысы 260 мың теңгені құрайды.
"Соңғы бес жылда шәкіртақы екі есеге көтерілген. Ол жұмыс жалғасады. 2029 жылға дейін 500 мыңға дейін көтеретін жоспарымыз бар", - деді Нұрбек Құрылтайдағы брифингте.
Осы орайда министр жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету шараларын да еске салды.
"Соңғы үш жылдың ішінде 813 жас ғалым баспаналы болды", - деді министр.
Айта кетері, бүгінде докторанттарға ресми жұмыс істеуге де рұқсат бар.
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Гранттардың жаңа түрі беріледі - Саясат Нұрбек
Жаңалықтар
0