https://sputnik.kz/20261111/qazaqstanda-zhanartylatyn-energiya-kozderinen-elektr-energiyasyn-ondiru-kolemi-16-ese-artty-68368349.html
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемі 16 есе артты
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемі 16 есе артты
Sputnik Қазақстан
Ал ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, бұл көрсеткіш 7%-ға жетті 11.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-11T10:41+0500
2026-11-11T10:41+0500
2026-11-11T10:43+0500
өндіріс
жарық
жел
https://sputnik.kz/img/07e4/07/1b/14576817_0:180:3067:1905_1920x0_80_0_0_6abd18502a9e876d82c6c861c8cc21d6.jpg.webp
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.2025 жылдың қорытындысы бойынша ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, ЖЭК-тің жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 14,5%-ды құрады. Ал ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, бұл көрсеткіш 7%-ға жетті.Соңғы он жылда ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, ЖЭК үлесі 2015 жылғы 0,6%-дан 2025 жылы 7%-ға дейін өсті.Сонымен қатар осы көздерден өндірілген электр энергиясының көлемі 536,5 млн кВт·сағаттан 8 693,6 млн кВт·сағатқа дейін, яғни 16 еседен астам артты.
https://sputnik.kz/20261103/turkistan-oblysyna-bargan-turister-sany-43-ga-artty-68198274.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/1b/14576817_140:0:2869:2047_1920x0_80_0_0_2848646561d0f1cb7fc5d7be9e79b7c9.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өндіріс, жарық, жел
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемі 16 есе артты
10:41 11.11.2026 (жаңартылды: 10:43 11.11.2026) Ал ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, бұл көрсеткіш 7%-ға жетті
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, ЖЭК-тің жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 14,5%-ды құрады. Ал ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, бұл көрсеткіш 7%-ға жетті.
"Ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі 2015 жылғы 9,5 млрд кВт·сағаттан 2025 жылы 17,9 млрд кВт·сағатқа дейін өсті. Олардың жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 10,4%-дан 14,5%-ға дейін артты", - деп жазылған хабарламада.
Соңғы он жылда ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, ЖЭК үлесі 2015 жылғы 0,6%-дан 2025 жылы 7%-ға дейін өсті.
Сонымен қатар осы көздерден өндірілген электр энергиясының көлемі 536,5 млн кВт·сағаттан 8 693,6 млн кВт·сағатқа дейін, яғни 16 еседен астам артты.