Қазақстанда 100 мыңға жуық адам банкрот болды

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне, карты, монеты тенге
Портмоне, карты, монеты тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Жазылу
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Қазақстанда банкрот болып танылған азаматтардың саны 100 мың адамға жақындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін банкроттықтың екі рәсімі аясында 98,6 мың азамат банкрот деп танылды. Олардың жалпы берешек сомасы 373 млрд теңгені құрады.
"Қазіргі уақытта тағы 23 195 азаматқа қатысты банкроттық рәсімі жүргізіліп жатыр. Олардың жалпы берешегі – 134,5 млрд теңге", - дейді салықшылар.
Айта кетері, 100 мың адамның ішінде Таразда тұратын үш баланың анасы да бар. Әйел 7 жерден кредит алған. Қарыздың жалпы сомасы 7,4 млн теңгеден асып кеткен.
7 жерден кредит алған: Таразда үш баланың анасы банкрот деп танылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2026
7 жерден несие алған: Таразда үш баланың анасы банкрот деп танылды
Жаңалықтар
0