Мемлекеттік аудит ғылым саласында 51 млрд теңгеге заң бұзылғанын анықтады
10:53 11.11.2026 (жаңартылды: 11:23 11.11.2026)

© Виталий Невар
Жазылу
Сонымен қатар 47 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған мен пайдаланылған
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Құрылтайдың бүгінгі отырысында ғылым саласында жүргізілген аудиттің нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылым саласын қаржыландыру көлемі едәуір ұлғайып, 122 млрд теңгеден 262 млрд теңгеге дейін өскен. Ұлттық ғылым академиясы құрылды. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жағартылды. Жас ғалымдарды қолдау шаралары қабылданды. Дегенмен аудит нәтижелері ғылым саласында бірқатар жүйелі мәселе мен кемшіліктің әлі де бар екенін көрсетті. Олар:
ғылымның ұлттық экономикадағы үлесі әлі де төмен, жалпы ішкі өнімнің 0,16%-ын құрайды, ал нысаналы көрсеткіш – 1%;
мемлекеттік қаржыландырудың үлесі 55%-дан 82%-ға дейін артқан;
2021-2025 жылдары саланы дамытуға арналған 4 бағдарламалық құжаттың үшеуінің күші мерзімінен бұрын жойылған;
7 басымдық пен 153 арнайы мамандандырылған бағыт кез келген зерттеуді басым бағытқа жатқызуға мүмкіндік береді;
ғылыми-техникалық тапсырмалар көбінежалпылама сипатта қалыптастырылады;
ғылыми жобаларды іріктеу ұзаққа созылады;
іріктеу кезінде мүдделер қақтығысының тәуекелдері сақталып отыр, ғылыми кеңестердің 225 мүшесінің 84-і жалпы сомасы 52 млрд теңгені құрайтын 127 жобабойынша зерттеу топтарының құрамына кірген, ал 27 мүшесіжобалардың ғылыми жетекшісі болған;
79 жобаға іске асыру шығыстары егжей-тегжейл інақтыланбастан 62 млрд теңге бөлінген;
141 жобаның ішінде небәрі 38 жоба немесе 27%-ы ғана соңғы 3 жылда өнімдітұрақты түрде сата алған.
"16 млрд теңгені құрайтын 176 жоба бойынша түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының мониторингі жобалардағы кемшіліктерді анықтағанымен, тиісті шешімдер қабылдауға негіз болмаған. 2025 жылы мониторинг 2 мыңнан астам ғылыми жоба мен коммерцияландыру жобасын қамтып, 3 млрд теңгеден астам сомаға бұзушылықтар анықталған. Алайда ұлттық ғылыми кеңестер бұл мәселелер бойынша тек ақпаратты назарға алумен шектелген”, – дейді Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, ғылымның нәтижелілігі көбіне жарияланымдар, қорғау құжаттары және нәтижелерді өндіріске енгізу актілері сияқты формалды өлшемдер арқылы бағаланады. Алайда мұндай көрсеткіштер технологиялық, өндірістік немесе өзге де қолданбалы нәтижені растамайды. Сондықтан ғылыми жобаларды қаржыландырудан бастап, олардың нақты нәтижелері мен өндіріске енгізілуіне дейінгі бүкіл кезеңді толығымен цифрландыру қажет.
Мемлекеттік аудит қорытындысы:
51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды;
47 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған мен пайдаланылған;
36 факті бойынша материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға жолданды;
тағы 3 факті бойынша аудит материалдарын құқық қорғау органдарына беру туралы шешім қабылданды.
