Білім беру ұйымдарында Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

© Sputnik / Владислав ВодневШкола, архивное фото
Школа, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Жазылу
Үкіметте білім беру саласын дамыту мәселесі қаралды
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Өңірлерді Ұлттық білім беру платформасына кезең-кезеңімен қосу жоспары әзірленді. Бұл туралы үкіметтегі кеңесте айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жоспарды Оқу-ағарту министрлігі "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп дайындаған.
"Сервисті қолданысқа енгізу мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға, деректердің дәлдігін арттыруға, бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған", - деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру мәселелеріне назар аударылды. Атап айтқанда, мемлекеттік білім беру тапсырысының құнын есептеудің бірыңғай әдістемесін енгізу жөніндегі ұсыныс қаралды.
Осыған байланысты білім беру қызметтерін көрсетуге жұмсалатын шығындардың өңірлік ерекшеліктері мен айырмашылықтарын ескеретін, экономикалық тұрғыдан негізделген түзету коэффициенттерін қолдана отырып, бір тәрбиеленушіге шаққандағы мемлекеттік білім беру тапсырысының базалық құнын республикалық деңгейде белгілеу мүмкіндігін пысықтау тапсырылды.
"Білім беру ұйымдарында Face ID технологиясын пайдалана отырып, кіруді бақылау жүйелерін жаппай енгізу қажеттігі аталып өтті. Мұндай жүйелерді қолдану қауіпсіздік деңгейін арттыруға, білім алушылардың оқуға қатысуын есепке алуды автоматтандыруға, білім беру ұйымдарының аумағына кіруді бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге білім беру саласын одан әрі цифрландыру, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде тапсырма берді.
Жиынға оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Шағын жинақты мектептерде жасанды интеллектіні енгізу басталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2026
Шағын жинақты мектептерде жасанды интеллектіні енгізу басталды
Жаңалықтар
0