https://sputnik.kz/20261111/bas-prokuratura-internet-alayaqtyqtyn-zhana-skhemasy-payda-bolganyn-eskertti-68380304.html
Бас прокуратура интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болғанын ескертті
Бас прокуратура интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болғанын ескертті
Sputnik Қазақстан
Алаяқтар жіберген сілтеме пошта қызметінің ресми сервисіне ұқсатып жасалған жалған интернет-ресурсқа бағыттайды 11.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-11T22:50+0500
2026-11-11T22:50+0500
2026-11-11T22:50+0500
алаяқтық
интернет
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16373978_22:0:1768:982_1920x0_80_0_0_35d9607156507db6664d7d3c1735d37a.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Бас прокуратура азаматтардың дербес деректерін ұрлауға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ведомствоның мәліметінше, қаскүнемдер өздерін "Қазпошта" АҚ пошта қызметінің өкілі ретінде таныстырып, азаматтарға пошта жөнелтілімдерін жеткізу туралы жалған хабарламалар таратып жатыр.Алаяқтар жеткізу мекенжайын нақтылау қажеттігін сылтауратып, азаматтарға хабарламаға тіркелген сілтемеге өтіп, жетіспейтін мәліметтерді толтыруды ұсынады. Хабарламаның шынайылығына сендіру үшін сілтемеге өту тәртібі көрсетілген нұсқаулық та қоса жіберіледі.Алайда сілтеме пошта қызметінің ресми сервисіне ұқсатып жасалған жалған интернет-ресурсқа бағыттайды. Іс жүзінде бұл – алаяқтар азаматтардың тұрғылықты мекенжайы мен басқа да құпия мәліметтерін жинау үшін пайдаланатын фишингтік сайт.Сонымен қатар сәлемдемені жеткізу туралы ресми хабарламаға ұқсатып жасалған жалған сайт пайдаланушыларды жаңылыстырады.Бас прокуратура мемлекеттік тілде жіберілетін мұндай хабарламалардың ерекше қауіп төндіретінін атап өтті. Себебі алаяқтар ресми-іскерлік стильді, пошта қызметінің хабарламаларына тән сөз тіркестері мен белгілерді қолданады. Бұл алушыларда хабарламаның шынайылығына қатысты жалған сенім қалыптастырып, зиянды сілтемелерге өту, дербес деректер мен ақшаны алаяқтарға беру қаупін арттырады.Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды. Атап айтқанда:
https://sputnik.kz/20261019/internet-alayaqtyq-zhasagan-13-qytay-azamaty-qazaqstannan-shygaryldy-67707523.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16373978_240:0:1549:982_1920x0_80_0_0_fd19197c8f23d6b71654546bbe7a15c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, интернет
Бас прокуратура интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болғанын ескертті
Алаяқтар жіберген сілтеме пошта қызметінің ресми сервисіне ұқсатып жасалған жалған интернет-ресурсқа бағыттайды
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Бас прокуратура азаматтардың дербес деректерін ұрлауға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ведомствоның мәліметінше, қаскүнемдер өздерін "Қазпошта" АҚ пошта қызметінің өкілі ретінде таныстырып, азаматтарға пошта жөнелтілімдерін жеткізу туралы жалған хабарламалар таратып жатыр.
"Атап айтқанда, 2026 жылдың 9 қарашасынан бастап +212 6 12 82 15 27 шетелдік нөмірінен алдағы уақытта сәлемдеме жеткізілетіні туралы хабарламалар түсе бастаған. Мұндай хабарламалар басқа нөмірлерден де келуі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Алаяқтар жеткізу мекенжайын нақтылау қажеттігін сылтауратып, азаматтарға хабарламаға тіркелген сілтемеге өтіп, жетіспейтін мәліметтерді толтыруды ұсынады. Хабарламаның шынайылығына сендіру үшін сілтемеге өту тәртібі көрсетілген нұсқаулық та қоса жіберіледі.
Алайда сілтеме пошта қызметінің ресми сервисіне ұқсатып жасалған жалған интернет-ресурсқа бағыттайды. Іс жүзінде бұл – алаяқтар азаматтардың тұрғылықты мекенжайы мен басқа да құпия мәліметтерін жинау үшін пайдаланатын фишингтік сайт.
Сонымен қатар сәлемдемені жеткізу туралы ресми хабарламаға ұқсатып жасалған жалған сайт пайдаланушыларды жаңылыстырады.
Бас прокуратура мемлекеттік тілде жіберілетін мұндай хабарламалардың ерекше қауіп төндіретінін атап өтті. Себебі алаяқтар ресми-іскерлік стильді, пошта қызметінің хабарламаларына тән сөз тіркестері мен белгілерді қолданады. Бұл алушыларда хабарламаның шынайылығына қатысты жалған сенім қалыптастырып, зиянды сілтемелерге өту, дербес деректер мен ақшаны алаяқтарға беру қаупін арттырады.
Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды. Атап айтқанда:
күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
белгісіз интернет-ресурстарға жеке және банктік деректеріңізді енгізбеңіз;
пошта жөнелтілімдерінің жеткізілуі туралы ақпаратты тек пошта қызметтерінің ресми арналары арқылы тексеріңіз.