Астананың сауда орталықтары Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай безендірілді

© Sputnik / Абзал КалиевВиды города Нур-Султан
Виды города Нур-Султан - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Жазылу
Қазақстан бұл маңызды күнді 16 желтоқсанда атап өтеді
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай көшелер мен ғимараттар ғана емес, танымал сауда орталықтары да мерекелік күйге ене бастады.
Бұл іске MEGA Silk Way және "Сарыарқа" сауда орталықтары да атсалысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сауда орталықтарының LED-экрандарынан Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған бейнероликтер көрсетіліп жатыр.
"Мерекеге арналған безендірулер қала көшелеріне ерекше көрік беріп, тұрғындар мен қонақтарға айтулы күннің жақындағанын сездіреді", - деп жазылған хабарламада.
Елорда Тәуелсіздіктің 35 жылдығын қарсы алуға дайындалып, мерекелік кейіпке еніп жатыр. Қазақстан бұл маңызды күнді 16 желтоқсанда атап өтеді.
Жаңалықтар
0