Алматыда жаңбырдан кейін көліктер батпаққа батып қалды

© Photo : Unsplash / Aubrey Odom Иллюстративті фото
Иллюстративті фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Жазылу
Учаскеге тиісті деңгейде күтім жасалмағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Алматы тұрғындары жаңбырдан кейін кейбір жол учаскелерінің батпаққа айналғанына шағымданды. Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда көліктердің балшыққа батып, қозғалыс кезінде қиындыққа тап болғаны көрсетілген.
Тұрғындардың айтуынша, лай-батпақ салдарынан көліктерге де зақым келген.
Осыған байланысты Бостандық ауданының әкімдігі жағдайға түсініктеме берді.
Әкімдік мәліметінше, аталған учаскеде сумен жабдықтау және кәріз желілерін тарту жұмыстары аяқталған. Жұмыстың келесі кезеңінде жолдың асфальт-бетон жабынын қалпына келтіру жоспарланған.
"Қатты жауын-шашын салдарынан топырақ ылғалданып, көлік учаскеде тұрып қалды. 11 қараша күні сағат 11:30-дағы жағдай бойынша көлік шығарылып, жол тазартылды. Учаскеге тиісті деңгейде күтім жасалмағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды", – делінген әкімдік хабарламасында.
Жаңалықтар
0