Алматы көшелерінде цифрлық гидтер пайда болды

© Photo : Алматы қаласының әкімдігіАлматы көшелерінде цифрлық гидтер пайда болды
Алматы көшелерінде цифрлық гидтер пайда болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Жазылу
Сервис қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Алматы көшелерінде цифрлық гидтер іске қосылды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматыда қажетті орынды жылдам табуға, бағыт құруға және қалада өтіп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін 31 интерактивті Jerry смарт тақта орнатылды.
"Сервис қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Оны тіркелмей-ақ тегін пайдалануға болады. QR-код арқылы таңдалған бағытты телефонға көшіруге мүмкіндік бар, - деп жазылған хабарламада.
© Photo : Алматы қаласының әкімдігіАлматы көшелерінде цифрлық гидтер пайда болды
Алматы көшелерінде цифрлық гидтер пайда болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Алматы көшелерінде цифрлық гидтер пайда болды
Смарт тақталар Терренкурда, Панфилов көшесінде, Республика сарайының маңында, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта, метро бекеттерінің жанында және басқа да көпшілік жиі баратын орындарда орналастырылды. Олардың көмегімен дәмхананы, дәріхананы, музей мен аялдаманы табуға, ауа райы мен ауа сапасы туралы мәлімет алуға болады.
Қалалық әкімдік хабарлауынша, жақын арада қалада тағы төрт смарт тақта орнатылады.
Туристер үшін дайын серуен бағыттары, қаланың көрікті жерлері, концерт пен көрме туралы ақпарат қолжетімді. Сондай-ақ қала тарихына арналған ерекше бөлім бар. Ондағы архивтік фотосуреттерден таныс көшелер мен ғимараттардың ондаған жыл бұрын қандай болғанын көруге болады.
Алматыда тарихи және мәдени ескерткіштер тізімі кеңейтіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Мәдениет
Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін
Жаңалықтар
0