Алматы әуежайында жұмысшы көз жұмды

© Photo : Предоставлено ЕАБРАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Жазылу
Жазатайым оқиға әуежайдың перрон аумағында болған
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Алматы халықаралық әуежайының аумағында жұмысшы көз жұмды.
Осы оқиғаға қатысты әуежайдың баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді.
"Алматы халықаралық әуежайының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан перрон аумағында жазатайым оқиға орын алды. Оқиға салдарынан құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйымның бір қызметкері зардап шекті", - деп жазылған хабарламада.
Алматы халықаралық әуежайы уәкілетті мемлекеттік органдарға қажетті көмек көрсетіп, жүргізіліп жатқан тергеу аясында олармен өзара іс-қимыл жасап жатқаны да хабарланды.
Бұл ақпаратты көліктегі полиция да растады.
"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін тергеу шаралары жүріп жатыр", - дейді полицейлер.
Батыс Қазақстанда кран құлап, жұмысшы көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2026
БҚО-да құрылыс алаңында кран құлап, жұмысшы көз жұмды
Жаңалықтар
0