https://sputnik.kz/20261111/abu-dabidegi-ushzhaqty-kelissozde-qanday-maseleler-talqylandy-68379373.html
Абу-Дабидегі үшжақты келіссөзде қандай мәселелер талқыланды
Абу-Дабидегі үшжақты келіссөзде қандай мәселелер талқыланды
Sputnik Қазақстан
Келіссөздің бірінші күні консультациялар төрт сағатқа жуық, ал екінші күні шамамен бір жарым сағатқа созылды 11.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-11T16:53+0500
2026-11-11T16:53+0500
2026-11-11T16:53+0500
келіссөздер
https://sputnik.kz/img/07ea/02/12/61256990_0:0:3063:1722_1920x0_80_0_0_9df5d1f98235254b72245033a0505d83.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі үшжақты келіссөздерде Мәскеу Еуропадағы қауіпсіздік жүйесінің құрылымы мәселесін бірнеше рет көтергенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости."Арада көп жыл өтті. Ақыры бұл тақырып өзекті бола бастады және оны шешу қажеттігі түсінікті болды", – деді ол келіссөздің екінші күнінің қорытындысы бойынша.Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыс Еуропадағы қолданыстағы қауіпсіздік жүйесінің тиімсіздігін көрсеткен.Мединскийдің басқа мәлімдемелері:Бұған дейін Мәскеу, Вашингтон және Киев өкілдерінің Абу-Дабидегі келіссөзі аяқталғаны хабарланған. Кездесу шамамен бір жарым сағатқа созылды. Барлық делегация кездесуден полиция көліктерінің сүйемелдеуімен кеткен.Келіссөз жабық форматта өтті. Оның қорытындысы бойынша Ресей делегациясы баспасөзге мәлімдеме жасады.Кремль өкілі Дмитрий Песковтың айтуынша, Ресей президенті Владимир Путинге талқылау барысы туралы тұрақты түрде ақпарат беріліп отырған. Оның сөзінше, Путин бұл тақырыпты кеше Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесуі кезінде де қозғаған.Келіссөздің бірінші күні консультациялар төрт сағатқа жуық уақытқа созылған. Украинадағы жағдайды реттеу талқыланатын мәселелердің бірі ғана болған. Тараптар негізгі назарды Еуропадағы жаңа қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мәселесіне аударған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/12/61256990_166:0:2895:2047_1920x0_80_0_0_987c226078795e9b25da1366b77cd0f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
келіссөздер
Абу-Дабидегі үшжақты келіссөзде қандай мәселелер талқыланды
Келіссөздің бірінші күні консультациялар төрт сағатқа жуық, ал екінші күні шамамен бір жарым сағатқа созылды
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі үшжақты келіссөздерде Мәскеу Еуропадағы қауіпсіздік жүйесінің құрылымы мәселесін бірнеше рет көтергенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Арада көп жыл өтті. Ақыры бұл тақырып өзекті бола бастады және оны шешу қажеттігі түсінікті болды", – деді ол келіссөздің екінші күнінің қорытындысы бойынша.
Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыс Еуропадағы қолданыстағы қауіпсіздік жүйесінің тиімсіздігін көрсеткен.
Мединскийдің басқа мәлімдемелері:
Келіссөзде гуманитарлық мәселелер де көтерілді. Тараптар тұтқындарды ауқымды түрде алмастыруға келісті.
Ресей Стив Уиткофф пен Джаред Кушнерге келіссөзге қатысқаны үшін алғыс білдіреді.
Еуропа елдері ар-ұжданы оянған кезде Украина бойынша бейбіт келіссөзге қатыса алады.
Абу-Дабидегі келіссөздің негізгі тақырыбы Еуропадағы қауіпсіздік жүйесінің құрылымы болды.
Мединский Украинадағы қақтығыс аяқталғаннан кейін құрлықтық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мәселесін көтеруді орынды деп атады.
Түпкілікті келісімге қол жеткізілгенге дейін келіссөз барысының нақты егжей-тегжейі талқыланбайды.
Бұған дейін Мәскеу, Вашингтон және Киев өкілдерінің Абу-Дабидегі келіссөзі аяқталғаны хабарланған. Кездесу шамамен бір жарым сағатқа созылды. Барлық делегация кездесуден полиция көліктерінің сүйемелдеуімен кеткен.
Келіссөз жабық форматта өтті. Оның қорытындысы бойынша Ресей делегациясы баспасөзге мәлімдеме жасады.
Кремль өкілі Дмитрий Песковтың айтуынша, Ресей президенті Владимир Путинге талқылау барысы туралы тұрақты түрде ақпарат беріліп отырған. Оның сөзінше, Путин бұл тақырыпты кеше Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесуі кезінде де қозғаған.
Келіссөздің бірінші күні консультациялар төрт сағатқа жуық уақытқа созылған. Украинадағы жағдайды реттеу талқыланатын мәселелердің бірі ғана болған. Тараптар негізгі назарды Еуропадағы жаңа қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мәселесіне аударған.