https://sputnik.kz/20261110/qazaqstanga-kelgen-sheteldikter-endi-zhsn-di-bir-kunde-onlayn-ala-alady-68356192.html
Қазақстанға келген шетелдіктер енді ЖСН-ді бір күнде онлайн ала алады
Қазақстанға келген шетелдіктер енді ЖСН-ді бір күнде онлайн ала алады
Sputnik Қазақстан
Ішкі істер министрлігі пилоттық жобаны іске қосты 10.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-10T16:04+0500
2026-11-10T16:04+0500
2026-11-10T16:05+0500
шетелдік
құжат
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1c/28009586_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_d1855aa440ad669048873eacb373aa3a.jpg
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Енді шетелдік азаматтар Қазақстанда Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) бір күн ішінде онлайн режимде ала алады.Ішкі істер министрлігі 9 қарашада пилоттық жобаны іске қосты. Жоба QazETA мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болды.QazETA - Қазақстанға келген шетелдік туристерге, келушілерге және елдің электрондық резиденттеріне арналған ресми мобильді қосымша.
https://sputnik.kz/20261013/qazaqstanda-boluy-zandy-ma-sheteldikter-zhsn-beru-kezinde-tekseriledi-67534536.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1c/28009586_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_f990e6586d7f17c3fb9edd12064fdafa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шетелдік, құжат
Қазақстанға келген шетелдіктер енді ЖСН-ді бір күнде онлайн ала алады
16:04 10.11.2026 (жаңартылды: 16:05 10.11.2026) Ішкі істер министрлігі пилоттық жобаны іске қосты
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Енді шетелдік азаматтар Қазақстанда Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) бір күн ішінде онлайн режимде ала алады.
Ішкі істер министрлігі 9 қарашада пилоттық жобаны іске қосты. Жоба QazETA мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болды.
Пайдаланушылар төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын құжатты суретке түсіріп, биометриялық тексерістен өтіп, орналасқан жерін растайды. Жеке деректерін қарап шығып, қажет болған жағдайда толықтыруы қажет.
Жүйе өтініш берушінің Қазақстанға кіргенін тексереді, содан кейін өтінім беру процесі жалғасады. Кейіннен өтінімді Ішкі істер министрлігі қосымша тексереді.
Қосымшаның ішінде MAQ көші-қон қызметтері платформасы арқылы өтініміңіздің мәртебесін тексеруге, ЖСН-іңізді көруге және дайын тіркеу куәлігін жүктеп алуға болады.
QazETA - Қазақстанға келген шетелдік туристерге, келушілерге және елдің электрондық резиденттеріне арналған ресми мобильді қосымша.