https://sputnik.kz/20261110/khalyqtyn-aleumettik-osal-toptaryna-tiesili-turgyn-uylerdin-tizimi-zhanartylady-68344649.html
Халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі тұрғын үйлердің тізімі жаңартылады
Халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі тұрғын үйлердің тізімі жаңартылады
Sputnik Қазақстан
Мұндай үйлерде өрт қауіпсіздігі жиі бұзылатындықтан, оларда өрт датчиктері тегін орнатылады 10.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-10T10:37+0500
2026-11-10T10:37+0500
2026-11-10T10:40+0500
үкімет
тұрғын үй
өрт қауіпсіздігі
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/05/15396406_0:0:1024:576_1920x0_80_0_0_1a0bd12b21da9499bc4e2a55c7a50a63.jpg
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтар орналасқан тұрғын үйлердің тізімін жаңартуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде әлеуметтік жағынан осал топтар тұратын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптары жиі бұзылады. Сондықтан оларға өрт датчиктері тегін орнатылады.Премьердің айтуынша, үй-үйді қайтадан аралап, өрт датчиктерін орнату жұмыстарын күшейткен жөн."Өңір әкімдіктері тиісті қызметтерге қажетті қолдау көрсетіп, халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтардың үйлеріне датчиктерді сатып алу және орнату үшін қаражат қарастыруы қажет", - деді Бектенов.
https://sputnik.kz/20261110/ministr-kommunaldyq-shygyndarga-qansha-tenge-zhumsaytynyn-aytty-68344390.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/05/15396406_128:0:896:576_1920x0_80_0_0_bd13bce2135a7c4c504f44cc5e6196ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, тұрғын үй, өрт қауіпсіздігі
үкімет, тұрғын үй, өрт қауіпсіздігі
Халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі тұрғын үйлердің тізімі жаңартылады
10:37 10.11.2026 (жаңартылды: 10:40 10.11.2026) Мұндай үйлерде өрт қауіпсіздігі жиі бұзылатындықтан, оларда өрт датчиктері тегін орнатылады
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтар орналасқан тұрғын үйлердің тізімін жаңартуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде әлеуметтік жағынан осал топтар тұратын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптары жиі бұзылады. Сондықтан оларға өрт датчиктері тегін орнатылады.
"Дегенмен, бұл жұмыс Түркістан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында тиісті деңгейде жүргізілмей отыр. Осыған байланысты, өңір әкімдіктеріне төтенше жағдайлар, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен бірлесіп, бір апта мерзімде халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі тұрғын үйлердің тізімін жаңартуды тапсырамын", - деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Премьердің айтуынша, үй-үйді қайтадан аралап, өрт датчиктерін орнату жұмыстарын күшейткен жөн.
"Өңір әкімдіктері тиісті қызметтерге қажетті қолдау көрсетіп, халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтардың үйлеріне датчиктерді сатып алу және орнату үшін қаражат қарастыруы қажет", - деді Бектенов.