Видео

Түркістанда балаларға арналған ойын алаңында екі әйел төбелесіп қалды

© Sputnik / Sergey Mamontov / Медиабанкке өтуОйын алаңы
Ойын алаңы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2026
Жазылу
Түркістан қалалық полициясы сауда орталықтарының бірінің ойын алаңында болған жанжал бойынша қылмыстық іс қозғады
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Түркістан қаласындағы ойын алаңында болған төбелес бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Кадрда екі әйел бір-бірімен ұрысып, одан кейін біреуі екіншісін иығынан итергені байқалады. Сол кезде екінші келіншек оны оң қолымен бір ұрып, сериялық соққымен жерге құлатқан.
Желі қолданушылары оның боксшы сияқты тұрып, соққы жасайтынын да байқаған. Ал кейбіреулер "Боксшының келіншегі екенін білмей қалған ғой" деп әзілдеген.
Түркістан қалалық полициясы сауда орталықтарының бірінің ойын алаңында болған жанжал бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша екі қатысушы арасында жанжал орын алып, соңы біреуінің дене жарақатын алған төбелеске ұласқан. Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, полиция басқармасына жеткізді, оның қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - дейді полицейлер.

Женская драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
"Әткеншекке таласқан": Астанада ойын алаңында ата-аналар төбелесті
Жаңалықтар
0