Шығыс Қазақстандағы сегіз қазандық пен үш турбоагрегат күрделі жөндеуден өтті

© Photo : Пресс-служба Минэнерго КазахстанаКапремонт 8 котлов и 3 турбин завершили в Восточном Казахстане
Капремонт 8 котлов и 3 турбин завершили в Восточном Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2026
Жазылу
Өңірлердегі жылу электр орталықтарының негізгі және қосалқы жабдықтарының техникалық жай-күйіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында электр станцияларының негізгі энергетикалық жабдықтарын күрделі жөндеу науқаны аяқталды, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Жүйелік оператордың жоспарына сәйкес, биыл 8 қазандық агрегаты мен 3 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілді.
"Атап айтқанда, Өскемен ЖЭО-да 4 қазандық пен 2 турбоагрегат, Согра ЖЭО-да 3 қазандық пен 1 турбоагрегат, Риддер ЖЭО-да 1 қазандық күрделі жөндеуден өтті", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта өңірдегі үш жылу электр орталығы да электр және жылу энергиясын өндіріп жатыр. Станциялар тұрақты жұмыс істеу үшін қажетті отын қорымен қамтамасыз етілген.
Атап айтқанда, Өскемен ЖЭО-да 6 қазандық пен 4 турбоагрегат, Согра ЖЭО-да 3 қазандық пен 2 турбоагрегат, Риддер ЖЭО-да 4 қазандық пен 1 турбоагрегат жұмыс істеп тұр.
Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысында инфрақұрылымды жаңғырту жобаларының жүзеге асырылу барысын тексерді - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2026
Ақтауда жылу тапшылығын жою үшін 48 млрд теңгеге жаңа қазандық салынады
Жаңалықтар
0