Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Рубио Абу-Дабидегі келіссөзде ілгерілеушілік болады деп үміттенеді

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуГорода мира. Абу-Даби
Города мира. Абу-Даби - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2026
Жазылу
Осы аптада Ресей, АҚШ және Украина арасында үшжақты келіссөз өткізу жоспарланып отыр
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Абу-Дабиде өтетін келіссөз барысында Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша ілгерілеушілікке қол жеткізіледі деп үміттенеді.
Осы аптада Абу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина арасында ақпан айынан бері алғаш рет үшжақты келіссөз өткізу жоспарланып отыр.
Бұған дейін АҚШ президентінің өкілі Джаред Кушнер Вашингтон Украинадағы қақтығысты реттеу перспективаларын еуропалық серіктестерімен талқылауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Ал ілгерілеушілік болған жағдайда келіссөз форматын еуропалық тараптардың тікелей қатысуымен кеңейту көзделіп отыр.
"Ертең Абу-Дабиде белгілі бір ілгерілеушілікке қол жеткізілуі мүмкін. Ол жаққа Джаред (Кушнер – ред.) пен Стив (Уиткофф – ред.) барады. Менің білуімше, олар жол жүріп кетті", – деді Рубио журналистерге.
Бұған дейін АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Абу-Дабидегі келіссөзде тараптар қауіпсіздік кепілдіктерін, шиеленісті бәсеңдетуді, гуманитарлық мәселелерді және бейбіт реттеуге бағытталған келесі қадамдарды талқылайтынын хабарлаған.
Президент США Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп бүкіл Еуропаны қамтитын ауқымды бейбіт келісім жасалатын мәлімдеді
Жаңалықтар
0