Қазақстан шекарасында бір айда 3,3 мыңнан астам заң бұзушы ұсталды

© Photo : Погранслужба КНБ КазахстанаАрхивное фото пограничников Казахстана
Архивное фото пограничников Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2026
Жазылу
Браконьерліктің жолын кесу нәтижесінде мемлекетке 413 млн теңгеден астам шығын келуіне жол берілмеді
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі биылғы қазан айында 3 318 заң бұзушыны ұстады. Олардың 2 791-і – шетел азаматы.
"2,1 млрд теңгеден асатын сомада тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 267 фактісінің алды алынды", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сонымен қатар Каспий теңізінде браконьерліктің 119 фактісі анықталды. Заңсыз балық аулауға пайдаланылған 88 шақырым ау мен басқа да құралдар тәркіленді. Сондай-ақ 187 дана, жалпы салмағы 933 келі бекіре тұқымдас балық алынды.
Браконьерліктің жолын кесу нәтижесінде мемлекетке 413 млн теңгеден астам шығын келуіне жол берілмеді.
Есепті кезеңде Шекара қызметі өз құзыреті шеңберінде 47 қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта олар бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, жалпы сомасы 35 млн теңгеден асатын айыппұл салынған 3 021 әкімшілік іс қаралып жатыр.
Шекарада 620 дана киік мүйізі тәркіленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2026
Шекарада 620 дана киік мүйізі тәркіленді
Жаңалықтар
0