https://sputnik.kz/20261109/ozimdi-synagandy-unatamyn-olimpiada-oqushyga-universitet-tandauga-qalay-komektesti-68325539.html
"Өзімді сынағанды ұнатамын": олимпиада оқушыға университет таңдауға қалай көмектесті
"Өзімді сынағанды ұнатамын": олимпиада оқушыға университет таңдауға қалай көмектесті
Sputnik Қазақстан
Олимпиада Софияға МИСИС университетіне түсуге қосымша мүмкіндік беріп, болашақ мамандығын таңдауға көмектесті 09.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-09T12:15+0500
2026-11-09T12:15+0500
2026-11-09T16:29+0500
теміртау
оқушы
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/09/68332810_0:234:2720:1764_1920x0_80_0_0_3d70c992e5a80963c954604eda9b75ab.jpg
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Теміртаулық София Журавлева болашақта педагог немесе психолог боламын деп ойлаған. Алайда түптің түбінде тау-кен ісін таңдады. Бұл шешімге келуіне 11-сыныпта физика пәнінен қосымша сабаққа және "МИСИС-ке түскім келеді!" халықаралық олимпиадасына қатысуы себеп болған. Олимпиадаға қатысуға оған осы университетте білім алып жүрген таныстары кеңес берген. Олимпиадаға қалай дайындалғаны және оның қандай артықшылықтар бергені туралы студент Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.– София, университетке түсуге қалай шешім қабылдағаныңызды айтып берсеңіз?– Мектеп бітірген соң Ресейдегі университеттердің біріне оқуға түскім келді. Бастапқыда педагогика мен психология бағыттарын қарастырдым. Оның үстіне биология пәні де маған үнемі ұнайтын.Алайда 11-сыныпта мамандандырылған орталыққа физикадан қосымша сабаққа бара бастаған кезде бәрі өзгерді. Біріншіден, дәл сол жерде физиканың өзіме жақын пән екенін түсіндім. Екіншіден, орталықта білім алатын оқушылардың деңгейі өте жоғары болды. Олардың көбі кейін МИСИС университетіне оқуға түсті. Олимпиада туралы айтып, оған қатысуға кеңес берген де солар.– Педагогика мен тау-кен ісі – екі түрлі сала. Неліктен бағытыңызды өзгертіп, олимпиадаға қатысуды ұйғардыңыз?– Техникалық мамандықтардың болашағы зор әрі кәсіби тұрғыда өз-өзіңді танытуға көбірек мүмкіндік беретінін түсіндім. Сонымен қатар өзімді сынағанды ұнатамын. Олимпиада мен үшін дәл осындай сынақ болды. Бұған қоса, оған қатысу оқуға түсу кезінде қосымша балл алуға мүмкіндік береді. Ал қашықтан өткізілуі және қатысудың тегін болуы артық кедергілерді жойды.– Олимпиада үш бағытты қамтиды: математика, физика және орыс тілі. Бұған дейін олимпиадаларға қатысып көрдіңіз бе? Қалай дайындалдыңыз?– Бұған дейін тек Қазақстан деңгейіндегі мектеп олимпиадаларына қатысқанмын. Ал жоғары оқу орындары ұйымдастыратын олимпиадаларға алғаш рет қатыстым. Сондықтан өзім үшін жаңа форматқа дайындалдым: сайттағы өткен жылдардың тапсырмалары мен сынақ нұсқаларын орындадым.Егер тапсырманы орындай алмасам, оны кейінге қалдырмай, оқытушымен бірге талдайтынмын. Әсіресе бірнеше тақырыпты қамтитын және бірнеше кезеңмен шығарылатын тапсырмалар көп көмектесті. Солар арқылы олимпиаданың форматын жақсырақ түсіндім. Жалпы, ең тиімдісі – өз бетімше дайындалу мен күрделі тапсырмаларды оқытушымен бірге талдауды қатар алып жүру болды.– Олимпиада қашықтан, прокторингпен, яғни бейнебақылау арқылы өтеді. Мұндай форматты қалай қабылдадыңыз? Бұл сізге қобалжу тудырды ма, әлде керісінше ыңғайлы болды ма?– Басында аздап қобалжыдым, камераға қарап отыру оңай емес. Бірақ іс жүзінде өте ыңғайлы екен. Ешқайда барудың қажеті жоқ, бәрі үйде, өзіңе үйреншікті ортада өтеді. Ең бастысы – техниканы алдын ала тексеріп, үстел үстіндегі артық заттарды алып тастау керек.Негізі, мені көбірек қобалжытқаны – мұндай форматпен алғаш рет кездескенім және оның қалай өтетінін білмегенім еді. Прокторингті ойынмен салыстырар едім: ережелерін түсінген кезде өзіңді әлдеқайда еркін сезінесің.– Олимпиаданың өзі қалай өтті? Кейін ол сізге оқуға түсу кезінде және университеттегі білім алу барысында қандай пайдасын тигізді?– Әр пәннен кейін қатты қобалжыдым. Барлық тапсырманы мінсіз орындай алмаған шығармын деп ойлап, есептерді қайта шығарып, қай жерден қателескенімді тексеретінмін. Көп жағдайда тапсырмаларды дұрыс орындағаным анықталатын. Содан кейін аздап сабырға келіп, егер осы университетке түсу маған бұйырса, бәрі ойдағыдай болады деп ойладым.Нәтижелер жарияланған кезде алғашында өз көзіме өзім сенбедім. Бірнеше рет қайта оқыдым. Өте қуандым. Ең алдымен, әрине, ата-анама айттым. Содан кейін олимпиада туралы алғаш рет хабарлаған оқу орталығындағы оқытушыма жеткіздім.Олимпиада МИСИС-ке оқуға түсу кезінде қосымша балл алуға мүмкіндік берді. Бұл жағымды бонус болып, құжат тапсыру кезінде өзіме деген сенімділігімді едәуір арттырды. Ең жоғары басымдықпен қабылданатын талапкерлер тізімі жарияланған кезде алғашқы жүздіктің қатарында болдым. Қателеспесем, 33-орында тұрдым.Олимпиадаға дайындық университеттің бірінші курсында да көмектесті. Кейбір тақырыптарды нашар білетінмін, сондықтан оларды қайта меңгеруге тура келді. Бірақ бұған дейін күрделі тапсырмаларды орындап, оларды жан-жақты талдап үйренгендіктен, оқу үдерісіне бейімделу маған жеңілірек болды.– Неліктен барлық мамандық пен университеттің ішінен МИСИС-тің Тау-кен институтын таңдадыңыз? Бұған олимпиада әсер етті ме, әлде салаға деген қызығушылығыңыз болды ма?– Олимпиада арқылы МИСИС университетімен таныстым. Содан кейін дәл осы оқу орнына түскім келетінін түсіндім. Ал университеттің ішінде материалтану мен тау-кен ісі бағыттарының бірін таңдауым керек болды. Таныстарым Тау-кен институтында оқитын, олар оқу үдерісі мен мүмкіндіктер туралы көп әңгімелейтін. Бұл менің қызығушылығымды оятты. Сөйтіп, тау-кен ісін таңдадым. Оның үстіне бұл мамандықтың болашағы зор деп есептеймін.МИСИС университетінде жастардың өзін шығармашылық тұрғыда дамытуына мүмкіндік беретін түрлі жастар бірлестіктері де белсенді дамып келеді. Бұл маған қатты ұнады. Дегенмен бірінші курста уақытымды оқуға арнап, университетке аздап бейімделіп алған соң шығармашылыққа қайта оралуды жөн көрдім.– "МИСИС-ке түскім келеді!" олимпиадасы 19 қарашада өтеді. Әлі өтінім бермеген Қазақстанның немесе басқа елдердің оқушыларына қандай кеңес берер едіңіз?– Мен өзім Қазақстанның Теміртау қаласында білім алдым. Басқа елдегі университетке түсу туралы сөз болғанда, жаңа нәрсеге қадам басуға шешім қабылдау қаншалықты қиын екенін жақсы білемін. Бірақ менің айтарым: күмәнданбаңыздар, өтінім беріңіздер. Олимпиада қашықтан өтеді, оған кез келген елден қатысуға болады. Ал оқуға түсу кезінде берілетін қосымша балл – бұл шынайы мүмкіндік.
теміртау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/09/68332810_442:355:2699:2048_1920x0_80_0_0_e0cf11d7f998294de3c507d6fc8d6c4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміртау, оқушы
"Өзімді сынағанды ұнатамын": олимпиада оқушыға университет таңдауға қалай көмектесті
12:15 09.11.2026 (жаңартылды: 16:29 09.11.2026) Олимпиада Софияға МИСИС университетіне түсуге қосымша мүмкіндік беріп, болашақ мамандығын таңдауға көмектесті
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Теміртаулық София Журавлева болашақта педагог немесе психолог боламын деп ойлаған. Алайда түптің түбінде тау-кен ісін таңдады. Бұл шешімге келуіне 11-сыныпта физика пәнінен қосымша сабаққа және "МИСИС-ке түскім келеді!" халықаралық олимпиадасына қатысуы себеп болған. Олимпиадаға қатысуға оған осы университетте білім алып жүрген таныстары кеңес берген. Олимпиадаға қалай дайындалғаны және оның қандай артықшылықтар бергені туралы студент
Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.
– София, университетке түсуге қалай шешім қабылдағаныңызды айтып берсеңіз?
– Мектеп бітірген соң Ресейдегі университеттердің біріне оқуға түскім келді. Бастапқыда педагогика мен психология бағыттарын қарастырдым. Оның үстіне биология пәні де маған үнемі ұнайтын.
Алайда 11-сыныпта мамандандырылған орталыққа физикадан қосымша сабаққа бара бастаған кезде бәрі өзгерді. Біріншіден, дәл сол жерде физиканың өзіме жақын пән екенін түсіндім. Екіншіден, орталықта білім алатын оқушылардың деңгейі өте жоғары болды. Олардың көбі кейін МИСИС университетіне оқуға түсті. Олимпиада туралы айтып, оған қатысуға кеңес берген де солар.
– Педагогика мен тау-кен ісі – екі түрлі сала. Неліктен бағытыңызды өзгертіп, олимпиадаға қатысуды ұйғардыңыз?
– Техникалық мамандықтардың болашағы зор әрі кәсіби тұрғыда өз-өзіңді танытуға көбірек мүмкіндік беретінін түсіндім. Сонымен қатар өзімді сынағанды ұнатамын. Олимпиада мен үшін дәл осындай сынақ болды. Бұған қоса, оған қатысу оқуға түсу кезінде қосымша балл алуға мүмкіндік береді. Ал қашықтан өткізілуі және қатысудың тегін болуы артық кедергілерді жойды.
– Олимпиада үш бағытты қамтиды: математика, физика және орыс тілі. Бұған дейін олимпиадаларға қатысып көрдіңіз бе? Қалай дайындалдыңыз?
– Бұған дейін тек Қазақстан деңгейіндегі мектеп олимпиадаларына қатысқанмын. Ал жоғары оқу орындары ұйымдастыратын олимпиадаларға алғаш рет қатыстым. Сондықтан өзім үшін жаңа форматқа дайындалдым: сайттағы өткен жылдардың тапсырмалары мен сынақ нұсқаларын орындадым.
Егер тапсырманы орындай алмасам, оны кейінге қалдырмай, оқытушымен бірге талдайтынмын. Әсіресе бірнеше тақырыпты қамтитын және бірнеше кезеңмен шығарылатын тапсырмалар көп көмектесті. Солар арқылы олимпиаданың форматын жақсырақ түсіндім. Жалпы, ең тиімдісі – өз бетімше дайындалу мен күрделі тапсырмаларды оқытушымен бірге талдауды қатар алып жүру болды.
– Олимпиада қашықтан, прокторингпен, яғни бейнебақылау арқылы өтеді. Мұндай форматты қалай қабылдадыңыз? Бұл сізге қобалжу тудырды ма, әлде керісінше ыңғайлы болды ма?
– Басында аздап қобалжыдым, камераға қарап отыру оңай емес. Бірақ іс жүзінде өте ыңғайлы екен. Ешқайда барудың қажеті жоқ, бәрі үйде, өзіңе үйреншікті ортада өтеді. Ең бастысы – техниканы алдын ала тексеріп, үстел үстіндегі артық заттарды алып тастау керек.
Негізі, мені көбірек қобалжытқаны – мұндай форматпен алғаш рет кездескенім және оның қалай өтетінін білмегенім еді. Прокторингті ойынмен салыстырар едім: ережелерін түсінген кезде өзіңді әлдеқайда еркін сезінесің.
– Олимпиаданың өзі қалай өтті? Кейін ол сізге оқуға түсу кезінде және университеттегі білім алу барысында қандай пайдасын тигізді?
– Әр пәннен кейін қатты қобалжыдым. Барлық тапсырманы мінсіз орындай алмаған шығармын деп ойлап, есептерді қайта шығарып, қай жерден қателескенімді тексеретінмін. Көп жағдайда тапсырмаларды дұрыс орындағаным анықталатын. Содан кейін аздап сабырға келіп, егер осы университетке түсу маған бұйырса, бәрі ойдағыдай болады деп ойладым.
Нәтижелер жарияланған кезде алғашында өз көзіме өзім сенбедім. Бірнеше рет қайта оқыдым. Өте қуандым. Ең алдымен, әрине, ата-анама айттым. Содан кейін олимпиада туралы алғаш рет хабарлаған оқу орталығындағы оқытушыма жеткіздім.
Олимпиада МИСИС-ке оқуға түсу кезінде қосымша балл алуға мүмкіндік берді. Бұл жағымды бонус болып, құжат тапсыру кезінде өзіме деген сенімділігімді едәуір арттырды. Ең жоғары басымдықпен қабылданатын талапкерлер тізімі жарияланған кезде алғашқы жүздіктің қатарында болдым. Қателеспесем, 33-орында тұрдым.
Олимпиадаға дайындық университеттің бірінші курсында да көмектесті. Кейбір тақырыптарды нашар білетінмін, сондықтан оларды қайта меңгеруге тура келді. Бірақ бұған дейін күрделі тапсырмаларды орындап, оларды жан-жақты талдап үйренгендіктен, оқу үдерісіне бейімделу маған жеңілірек болды.
– Неліктен барлық мамандық пен университеттің ішінен МИСИС-тің Тау-кен институтын таңдадыңыз? Бұған олимпиада әсер етті ме, әлде салаға деген қызығушылығыңыз болды ма?
– Олимпиада арқылы МИСИС университетімен таныстым. Содан кейін дәл осы оқу орнына түскім келетінін түсіндім. Ал университеттің ішінде материалтану мен тау-кен ісі бағыттарының бірін таңдауым керек болды. Таныстарым Тау-кен институтында оқитын, олар оқу үдерісі мен мүмкіндіктер туралы көп әңгімелейтін. Бұл менің қызығушылығымды оятты. Сөйтіп, тау-кен ісін таңдадым. Оның үстіне бұл мамандықтың болашағы зор деп есептеймін.
МИСИС университетінде жастардың өзін шығармашылық тұрғыда дамытуына мүмкіндік беретін түрлі жастар бірлестіктері де белсенді дамып келеді. Бұл маған қатты ұнады. Дегенмен бірінші курста уақытымды оқуға арнап, университетке аздап бейімделіп алған соң шығармашылыққа қайта оралуды жөн көрдім.
– "МИСИС-ке түскім келеді!" олимпиадасы 19 қарашада өтеді. Әлі өтінім бермеген Қазақстанның немесе басқа елдердің оқушыларына қандай кеңес берер едіңіз?
– Мен өзім Қазақстанның Теміртау қаласында білім алдым. Басқа елдегі университетке түсу туралы сөз болғанда, жаңа нәрсеге қадам басуға шешім қабылдау қаншалықты қиын екенін жақсы білемін. Бірақ менің айтарым: күмәнданбаңыздар, өтінім беріңіздер. Олимпиада қашықтан өтеді, оған кез келген елден қатысуға болады. Ал оқуға түсу кезінде берілетін қосымша балл – бұл шынайы мүмкіндік.