Астанада жол ақысын көтеру мерзімі шегерілді

© Photo : Акимат АстаныЖолаушылар автобусы
Жолаушылар автобусы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2026
Жазылу
Қазіргі есепке сәйкес, 2026 жылы бір жолаушыны тасымалдаудың орташа құны қазіргі жол ақысынан әлдеқайда жоғары
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Астанада қоғамдық көлікте жол ақысын көтеру мерзімі екі аптаға шегерілді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елордада жол ақысы 2014 жылдан бері бір рет қана 90 теңгеден 110 теңгеге дейін көтерілген. Ал осы уақыттың ішінде жанармай, қосалқы бөлшектер мен жаңа автобустардың құны, сондай-ақ жүргізушілердің еңбекақысына жұмсалатын шығын көбейген.
"Мәселен, 2014 жылы дизель отынының бір литрі шамамен 107 теңге болса, қазір 329 теңгеге жетті. 2014 жылы автобус жүргізушілерінің орташа жалақысы шамамен 100-150 мың теңге болса, қазір автобус класы мен жұмыс режиміне қарай 700 мың теңгеден басталады", - дейді әкімдік мамандары.
Соған қарамастан, соңғы үш жылда 1127 жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі есепке сәйкес, 2026 жылы бір жолаушыны тасымалдаудың орташа құны қазіргі жол ақысынан әлдеқайда жоғары.
"Осыған байланысты пайдалану шығындарының артуын, автобустардың үздіксіз қатынауын қамтамасыз ету, көлік паркін жаңарту және маршрут желісін дамыту қажеттігін ескере отырып, желтоқсан айының ортасынан бастап жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 150 теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр", - делінген ресми хабарламада.

Автобуста кімдер тегін жүреді

Жол ақысы көтерілсе де, бірқатар санатқа кіретін азаматтар тегін жүре береді. Олар:
ардагерлер және оларға теңестірілген тұлғалар;
зейнеткерлер;
көпбалалы аналар;
көпбалалы отбасылар;
мүгедектігі бар адамдар;
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар және олардың ата-анасының (заңды өкілдерінің) бірі;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танылғандар;
"Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заңда белгіленген тәртіппен ақталған адамдар.
Бұдан бөлек, 2020 жылғы наурыздан бастап Астанада оқитын 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді.
Строительство LRT в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2026
Астанадағы LRT: жол жүру ақысы 200 теңге болуы мүмкін
Жаңалықтар
0