Видео

Алматыда қауіпсіздік белдігін ешқашан тақпайтынын айтқан әйел жауапқа тартылды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции ШымкентаҚауіпсіздік белдігі
Қауіпсіздік белдігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2026
Жазылу
Әйелдің бұған дейін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, рөлге отырғаны белгілі болды
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Алматыда өзін заңнан жоғары санаған жүргізуші әйел жауапқа тартылды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Әлеуметтік желіде ол заңды елемейтінін ашық көрсетіп, өзіне ешқандай шара қолданылмайтынын мәлімдеген.
Видеода әйелдің қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарғаны және бұл талапты орындаудан ашық бас тартқанын байқауға болады.
Полиция қызметкерлері әйелді анықтап, жауапқа тартты.
"Тексеру барысында өзге де заң бұзушылықтар анықталды. Әйелдің бұған дейін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, рөлге отырғаны белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты оған қатысты бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық дерегі бойынша іс қозғалды. Атап айтқанда, көлік басқару құқығынан айырылғаннан кейін көлік жүргізу, қауіпсіздік белдігін пайдалану талабын бұзу, сот шешімін орындамау және жалған ақпарат тарату фактілері бойынша материалдар рәсімделді.
Жинақталған материалдар сотқа жолданды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
Сонымен қатар көлік басқару құқығынан айырылған адамға автокөлігін берген көлік иесі де жауапкершілікке тартылды.
Алматыда Меладзе концертінде жанжалдасқан үш әйел жауапқа тартылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2026
Видео
Алматыда Меладзе концертінде жанжалдасқан үш әйел жауапқа тартылды
Жаңалықтар
0