Ақмола облысында жаңа трамплиндер мен мұз айдынының құрылысы басталды

© Photo : Ақмола облысының әкімдігіАқмола облысында жаңа трамплиндер мен мұз айдынының құрылысы басталды
Ақмола облысында жаңа трамплиндер мен мұз айдынының құрылысы басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2026
Жазылу
Нысандар Щучинск қаласында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының үшінші кезегін салу аясында бой көтереді
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Щучинск қаласында ауқымды спорт кешені салыны жатыр.п

Төрт оқу-жаттығу трамплині, 300 орындық мамандандырылған мектеп-интернат және 3 мыңға жуық көрерменге арналған жабық мұз айдынының құрылысы басталды.
© Photo : Ақмола облысының әкімдігіАқмола облысында жаңа трамплиндер мен мұз айдынының құрылысы басталды
Ақмола облысында жаңа трамплиндер мен мұз айдынының құрылысы басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2026
Ақмола облысында жаңа трамплиндер мен мұз айдынының құрылысы басталды
Мұндай ауқымды нысандар Щучинск қаласында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының үшінші кезегін салу аясында бой көтереді.

Біздің басты міндетіміз – жас спортшылардың қабілетін шыңдап, шеберлігін жетілдіруіне және жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне барлық жағдай жасау. Жаңа кешенде 300 оқушы білім алып, 100-ге дейін спортшы жыл бойы қысқы спорт түрлері бойынша дайындықтан өте алады. Бұдан бөлек, мұнда халықаралық деңгейдегі ірі жарыстарды өткізуге де мүмкіндік туады", – деді облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Үшінші кезектің іске асырылуы қолданыстағы Олимпиадалық даярлау орталығының мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Мұнда оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, спортшылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға және түрлі деңгейдегі жарыстарға дайындалуына қолайлы жағдай жасалады.

Алдағы уақытта кешен еліміздің спорт инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналып, Щучинск қаласының қысқы спорт түрлерін дамыту орталығы ретіндегі әлеуетін арттырмақ.
Астанада ұзындығы 1,4 шақырым болатын мұз айдыны ашылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
Астанада Азиядағы ең ұзын мұз айдыны ашылады
Жаңалықтар
0