https://sputnik.kz/20261107/tazhikstan-qazaqstan-astygyn-zhetkizu-kolemin-arttyruga-nietti-68308421.html
Тәжікстан Қазақстан астығын жеткізу көлемін арттыруға ниетті
Тәжікстан Қазақстан астығын жеткізу көлемін арттыруға ниетті
Sputnik Қазақстан
Өткен жылы екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы 600 млн АҚШ долларына жетті 07.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-07T20:25+0500
2026-11-07T20:25+0500
2026-11-07T20:26+0500
ауыл шаруашылығы министрлігі
астық
тәжікстан
экспорт
https://sputnik.kz/img/07e9/08/02/56122100_0:52:1081:660_1920x0_80_0_0_65d51924f0800f5bfe63d6cf49cd206b.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Тәжікстан Қазақстаннан алатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуды қарастырып отыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.Екі ел министрлері өңделген өнімдер жеткізілімін арттыру және агроөнеркәсіп кешені саласындағы бірлескен жобаларды дамыту мәселелерін талқылады.Өткен жылы екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы 11 пайызға өсіп, 600 млн АҚШ долларына жетті. Келіссөздер барысында Қазақстан астығын Тәжікстанға жеткізу көлемін арттыруға айрықша көңіл бөлінді.Кездесу иелері Тәжікстан нарығының сұранысы мен қажеттілігін ескере отырып, бидай жеткізу көлемін арттыруды ынталандыруға келісті.Бұл Қазақстан үшін экспорт көлемін ұлғайтумен қатар, отандық диқандардың өнімін өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, астыққа деген тұрақты сұранысты қамтамасыз етуге және қазақстандық өнімнің Орталық Азия нарығындағы орнын нығайтуға жол ашады.
https://sputnik.kz/20261018/qazaqstannyn-astyq-eksporty-ulgaydy-67684908.html
тәжікстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/02/56122100_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_5be1d8838d05b9d365a991afb6eeed1a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы министрлігі, астық, тәжікстан, экспорт
ауыл шаруашылығы министрлігі, астық, тәжікстан, экспорт
Тәжікстан Қазақстан астығын жеткізу көлемін арттыруға ниетті
20:25 07.11.2026 (жаңартылды: 20:26 07.11.2026) Өткен жылы екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы 600 млн АҚШ долларына жетті
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Тәжікстан Қазақстаннан алатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуды қарастырып отыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Екі ел министрлері өңделген өнімдер жеткізілімін арттыру және агроөнеркәсіп кешені саласындағы бірлескен жобаларды дамыту мәселелерін талқылады.
Өткен жылы екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы 11 пайызға өсіп, 600 млн АҚШ долларына жетті.
Келіссөздер барысында Қазақстан астығын Тәжікстанға жеткізу көлемін арттыруға айрықша көңіл бөлінді.
""Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" акцинерлік қоғамы мен Тәжікстанның Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі арасында 100 мың тонна бидай жеткізу жөнінде жасалған келісімшарт аясындағы әріптестік туралы әңгіме қозғалды", - деді министрлік.
Кездесу иелері Тәжікстан нарығының сұранысы мен қажеттілігін ескере отырып, бидай жеткізу көлемін арттыруды ынталандыруға келісті.
Бұл Қазақстан үшін экспорт көлемін ұлғайтумен қатар, отандық диқандардың өнімін өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, астыққа деген тұрақты сұранысты қамтамасыз етуге және қазақстандық өнімнің Орталық Азия нарығындағы орнын нығайтуға жол ашады.