Қазақстан мен Тәжікстан тауар айналымын 2 млрд долларға дейін ұлғайтуға келісті

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Жазылу
Тоқаев пен Рахмон келіссөздерінің қорытындысы бойынша 2030 жылға дейін өзара сауданы ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Тәжікстан президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгінгі келіссөздер жемісті өтіп, қос тарап сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгінгі келіссөздер жемісті өтіп, қос тарап сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді.
"Ең алдымен, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мән берілді. Бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты тауар айналымы 2 миллиард долларлық межеге таяп қалды. Нәтижесінде Қазақстан Тәжікстанның сыртқы сауда серіктестерінің үштігіне енеді. Бүгін осы мақсатқа жетуді көздейтін 2030 жылға дейін тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды. Екі ел үкіметтеріне аталған міндетті сапалы орындау жүктелді", – деді Тоқаев.
Президенттің пікірінше, аграрлық секторда мүмкіндік мол. Өткен жылы екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткізілімі 11 пайызға өсіп, шамамен 600 миллион долларды құраған. Бұл – бүкіл тауар айналымының тең жартысы.
Келіссөз қорытындысы бойынша мемлекеттердің бір-біріне жеткізетін азық-түлік тауарларының көлемін ұлғайтуға дайын екені айтылып, ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін толыққанды өндіріс тізбегін құру мүмкіндігі талқыланды.