https://sputnik.kz/20261107/qazaqstan-men-tazhikstan-prezidentteri-kelissoz-zhurgizdi-68292342.html
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері келіссөз жүргізді
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері келіссөз жүргізді
Sputnik Қазақстан
Президент Қазақстан ұдайы Тәжікстанның ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне еніп отырғанын айтты 07.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-07T12:55+0500
2026-11-07T12:55+0500
2026-11-07T13:11+0500
президент
қазақстан
тәжікстан
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/07/68291660_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_03a6f89bcfcd0520c4670dca604c5fd1.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.Президент Қазақстан ұдайы Тәжікстанның ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне еніп отырғанын айтты және барлық бағытта оң динамика көрсетіп келе жатқан қазақ-тәжік қарым-қатынасының даму деңгейін жоғары бағалады.Президенттің айтуынша, екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстары да дәйекті түрде кеңеюде."Сондықтан өзара ынтымақтастықта қол жеткізген нәтижелер үшін мақтануға да, қуануға да толық негіз бар. Бүгін өте маңызды іс-шараға – Астана қаласында Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратының ашылуына қатысамыз. Бұл бір ғимараттан ғана тұрмайды, оны кешен деуге болады. Мұның бәрі таңғалдырады әрі Тәжікстанның елімізде тұрақты түрде өкілдігі болатынын айғақтайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Тәжікстан президенті екі елдің ынтымақтастығы барлық салада қарқынды ілгерілеп келе жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан Тәжікстанның алдыңғы қатарлы сауда және экономикалық серіктестерінің санатына кіреді.Келіссөз барысында сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, өнеркәсіп және цифрландыру салаларындағы ықпалдастық мәселелеріне назар аударылды.
https://sputnik.kz/20261107/qazaqstanga-tazhikstan-prezidenti-keldi-68288812.html
қазақстан
тәжікстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/07/68291660_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_3605c6ce2b82a713188d2cc177785042.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қазақстан, тәжікстан
президент, қазақстан, тәжікстан
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері келіссөз жүргізді
12:55 07.11.2026 (жаңартылды: 13:11 07.11.2026) Президент Қазақстан ұдайы Тәжікстанның ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне еніп отырғанын айтты
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.
Президент Қазақстан ұдайы Тәжікстанның ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне еніп отырғанын айтты және барлық бағытта оң динамика көрсетіп келе жатқан қазақ-тәжік қарым-қатынасының даму деңгейін жоғары бағалады.
"Бизнес-форум, арнайы сауда миссияларының қорытындысы бойынша қол жеткізілген коммерциялық уағдаластықтар жоспарлы түрде іске асырылуда. Бұл ретте елдеріміздің жыл сайынғы тауар айналымы тұрақты түрде 1 миллиард доллардан асады. Осының есебінен Қазақстан ұдайы Тәжікстанның ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне еніп отыр", – деді мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстары да дәйекті түрде кеңеюде.
"Сондықтан өзара ынтымақтастықта қол жеткізген нәтижелер үшін мақтануға да, қуануға да толық негіз бар. Бүгін өте маңызды іс-шараға – Астана қаласында Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратының ашылуына қатысамыз. Бұл бір ғимараттан ғана тұрмайды, оны кешен деуге болады. Мұның бәрі таңғалдырады әрі Тәжікстанның елімізде тұрақты түрде өкілдігі болатынын айғақтайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тәжікстан президенті екі елдің ынтымақтастығы барлық салада қарқынды ілгерілеп келе жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан Тәжікстанның алдыңғы қатарлы сауда және экономикалық серіктестерінің санатына кіреді.
"Бүгінде Тәжікстанда Қазақстан капиталының қатысуымен 130-дан аса кәсіпорын тіркелген. Ал Қазақстанда тәжік тарапының 580-нен астам кәсіпорны жұмыс істейді. Олардың 500-і толығымен тәжік капиталының қатысуы арқылы еңбек етеді. Бұл – өте жақсы көрсеткіш", – деді Эмомали Рахмон.
Келіссөз барысында сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, өнеркәсіп және цифрландыру салаларындағы ықпалдастық мәселелеріне назар аударылды.