Алматы тауларында ұялы байланыссыз адамдарды табуға арналған жүйе сынақтан өткізіліп жатыр

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаТаудағы іздеу жұмыстары
Таудағы іздеу жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2026
Жазылу
2026 жылдың соңына дейін оны туристер мен альпинистердің қатысуымен сынап көру жоспарланып отыр
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Алматыда ұялы байланыс пен интернет жоқ жерлерде де туристердің көмек шақыруына мүмкіндік беретін AG Tag құрылғысы сынақтан өткізіліп жатыр, деп хабарлады қала әкімдігі.
Құрылғы спутник арқылы адамның нақты орналасқан жерін анықтап, координаттарын радиобайланыс көмегімен құтқарушыларға жеткізеді.
"Қауіп төнген жағдайда SOS батырмасын басу жеткілікті. Сигнал құтқару қызметінің электрондық картасында көрініп, ақпарат әр екі секунд сайын жаңарып отырады. Құрылғы 15 шақырымға дейінгі қашықтыққа сигнал жібере алады", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа жүйенің таулы аймақтар үшін маңызы зор, дейді әкімдікте. Себебі Алматы тауларында жыл сайын мыңнан астам іздестіру-құтқару операциясы жүргізіледі. Оның үстіне, көптеген тау бағытында ұялы байланыс жоқ.
Бүгінде AG Tag құрылғысы Үлкен Алматы көлі маңы мен танымал тау шыңдарын қосқанда алты бағытта сынақтан сәтті өтті. 2026 жылдың соңына дейін оны туристер мен альпинистердің қатысуымен сынап көру жоспарланып отыр.
Осень в горах Алматы - 2022 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2026
Алматы тауларында тоңып қалған туристер құтқарылды
Жаңалықтар
0