Видео

Абай облысында "Семей" арнайы экономикалық аймағы құрылады

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаАрнайы экономикалық аймақ
Арнайы экономикалық аймақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2026
Жазылу
Ауданы 600 гектар болатын жаңа АЭА Жаңасемей ауданында орналастырылады
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Абай облысында "Семей" арнайы экономикалық аймағы құрылады, деп хабарлады Үкімет.
Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Ауданы 600 гектар болатын жаңа АЭА Жаңасемей ауданында орналастырылады.
"Оның аумағында жоғары технологиялық заманауи өнеркәсіптік-өндірістік кешен құру жоспарлануда, оның ішінде экспортқа бағдарланған кәсіпорындары болады. Инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпорындар мен логистикалық инфрақұрылым арасындағы өндірістік байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылып отыр", - деп жазылған хабарламада.
АЭА аумағындағы жобаларға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі 1,4 трлн теңге деңгейінде болады деп болжануда.
Жаңа кәсіпорындарды іске қосу 14 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Осылайша, "Семей" АЭА ашылған кезде елімізде 15 өңірде 19 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейтін болады, олар жаңа өндірістерді ұлғайтуға және өнеркәсіп өнімдерін шығаруға мүмкіндік туғызады.
Ветровая электрическая станция в Ерейментау - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2026
Абай облысында 160 МВт болатын ЖЭК жобалары жүзеге асырылып жатыр
Жаңалықтар
0