Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина USAI бағдарламасы аясында бөлінген АҚШ әскери көмегінің шамамен 43 %-ін алмаған

© AP Photo / Efrem LukatskyУкраина USAI бағдарламасы аясында бөлінген АҚШ әскери көмегінің шамамен 43 %-ін алмаған
Украина USAI бағдарламасы аясында бөлінген АҚШ әскери көмегінің шамамен 43 %-ін алмаған  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2026
Жазылу
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. АҚШ USAI бағдарламасы аясында Украинаға құны шамамен 14,3 миллиард доллар болатын қару-жарақты жеткізбеген.
Бұл туралы РИА Новости жазды.
Пентагонның Бас инспекторының есептеріне сәйкес, Америка Құрама Штаттары "Украинаның қауіпсіздігіне жәрдемдесу бастамасы" (USAI) аясында Украинаға жалпы құны шамамен 14,3 миллиард доллар болатын қару-жарақ пен әскери қызметтерді жеткізе алмаған.
Құжаттарда көрсетілгендей, 2022 жылдың ақпанынан бері АҚШ Конгресі бұл бағдарламаға 33,5 миллиард доллар бөлген. Алайда 2026 жылдың наурызына қарай Киевке нақты жеткізілген қару-жарақ пен қызметтердің құны бар болғаны 19,2 миллиард долларды, яғни жалпы соманың шамамен 57%-ын ғана құраған.
Сонымен қатар, тамыз айында жарияланған кезекті есепте жеткізілген көмек үлесі 57,3% деп бағаланды. Наурыздағы көрсеткіш іс жүзінде өзгеріссіз қалған.
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский АҚШ Украинаға 16 млрд доллар көлеміндегі көмекті бермей отырғанын айтты
Жаңалықтар
0