https://sputnik.kz/20261106/politseyler-zhasospirim-tizgindegen-kolikti-oq-atyp-toqtatty-68268941.html
Полицейлер жасөспірім тізгіндеген көлікті оқ атып тоқтатты
Полицейлер жасөспірім тізгіндеген көлікті оқ атып тоқтатты
Sputnik Қазақстан
Видеода екі полицей көлікке жүгіріп барып, есігін ашпақ болғаны, бірақ жүргізуші қозғалысты жалғастырғаны көрінеді 06.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-06T09:40+0500
2026-11-06T09:40+0500
2026-11-06T09:40+0500
алматы облысы
жасөспірім
полиция
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_0:34:650:400_1920x0_80_0_0_b77b57b1533bdbf5914baf1729ccb10c.jpg
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Алматы облысында полицейлер қашуға әрекеттенген жүргізушіні тоқтату үшін көліктің дөңгелегіне оқ атты.Көлік тізгінінде кәмелетке толмаған жасөспірім болғаны анықталды. Жүргізуші полициядан қашпақ болған, ал тәртіп сақшылары оны тоқтату үшін көліктің дөңгелегіне оқ атқан. Табельдік қару қолданылды: полиция не дейдіАлматы облыстық полиция департаменті оқиға Іле ауданы Жайнақ ауылында болғанын хабарлады.Көлікті тоқтату үшін полицейлер табельдік қару қолданған.Жасөспірім көлікті шамдарын өшіріп айдап, өзге жүргізушілерге қауіп төндірген.Оқиғадан кейін полиция баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жасөспірімнің әкесін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
https://sputnik.kz/20261030/aqmola-oblysynda-vagonnyn-ustine-shyqqan-zhasospirim-zhansaqtau-bolimine-tusti-68095780.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_63:0:596:400_1920x0_80_0_0_c8242c6b8f24fd8b42ce81cac8c4c5c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, жасөспірім, полиция
алматы облысы, жасөспірім, полиция
Полицейлер жасөспірім тізгіндеген көлікті оқ атып тоқтатты
Видеода екі полицей көлікке жүгіріп барып, есігін ашпақ болғаны, бірақ жүргізуші қозғалысты жалғастырғаны көрінеді
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Алматы облысында полицейлер қашуға әрекеттенген жүргізушіні тоқтату үшін көліктің дөңгелегіне оқ атты.
Көлік тізгінінде кәмелетке толмаған жасөспірім болғаны анықталды. Жүргізуші полициядан қашпақ болған, ал тәртіп сақшылары оны тоқтату үшін көліктің дөңгелегіне оқ атқан.
Табельдік қару қолданылды: полиция не дейді
Алматы облыстық полиция департаменті оқиға Іле ауданы Жайнақ ауылында болғанын хабарлады.
"Көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған кәмелетке толмаған жасөспірім полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын елемей, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіріп, қозғалысын жалғастырған", – деп хабарлады ПД өкілдері.
Көлікті тоқтату үшін полицейлер табельдік қару қолданған.
"Автокөлікті мәжбүрлі түрде тоқтату үшін полицейлер табельдік атыс қаруын қолданып, көлік дөңгелегіне оқ атты, содан кейін көлік тоқтатылды", – деп түсіндірді полиция.
Жасөспірім көлікті шамдарын өшіріп айдап, өзге жүргізушілерге қауіп төндірген.
Оқиғадан кейін полиция баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жасөспірімнің әкесін әкімшілік жауапкершілікке тартты.