Атырауда мектепте оқушы қызға пышақ сұққан жасөспірім 15 жылға сотталды
18:35 06.11.2026 (жаңартылды: 18:51 06.11.2026)

© Sputnik / Тимур Батыршин
Жазылу
Сотта шабуылдың алдын ала жоспарланғаны анықталды
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Атырауда 13 жастағы оқушы қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімге сот үкімі шықты.
Іс алқабилердің қатысуымен қаралды.
Оқиға наурыз айында болған. Айыпталушы сабақтан кейін үйіне барып, сөмкесіне пышақ пен балға салып, мектепке қайта оралған. Күзетшіге көзілдірігін ұмытып кеткенін айтып, ішке кірген соң, дәлізде көрген 13 жастағы оқушы қыздың соңынан қуып жетіп, 5 рет пышақ сұққан.

Сотта шабуылдың алдын ала жоспарланғаны анықталды.
Жасөспірім оқиғаға дейін бірнеше күн бойы дайындалып, телефонына кек алу туралы жазбалар қалдырған. Онда ата-анасын да өлтіргісі келетінін жазған.
Сараптама оның өз әрекетіне жауап бере алатын жағдайда болғанын көрсетті. Кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталғаны үшін жасөспірім кінәлі деп танылды.